Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

224 Амин қанттарынының құрамындағы бір ОН тобы амин тобына алмастырылған болады. N-ацетилглюкозамин амин қантына мысал бола алатын хитиннің бір бөлігі (15.14-бөлім). Кейбір маңызды антибиотиктердің құрамында амин қанттары болады. Мысалы, гентамицин антибиотигінің үш бөлігі дезокси амин қанты. Ортаңғы бөлігінде оттегі сақинасының жоқ екендігіне, яғни мұның қант емес екендігіне назар аударыңыздар. L-Аскорбин қышқылы (С дəрумені) өсімдіктер мен көптеген омыртқалылардың бауырында D-глюкозадан синтезделеді. Адамдар, маймылдар жəне теңіз шошқаларында С дəруменінің биосинтезіне қажетті ферменттер жоқ. Сондықтан бұл дəрумен олардың тамақ рационында болу керек. Аскорбин қышқылының L-конфигурациясы глюкозадағы С-2 болған С-5 конфигурациясы. гепарин гентамицин антибиотик 3D молекула: гентамицин

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==