Экология және қоршаған орта проблемалары: оқу құралы / А.Т. Қуатбаев.

Экологиялык катынастарды кұкыктық реттеудің ерекшелігі - әкімшілік-кұкықтык эдіспен эсер етудің басымдығы. Олай дей- тініміз, екі жақтың (азаматтық-қукыктык әдіске тән) заңды түрде тең еместігі, билік пен бағынушылыктың катынасы. Мұндайда осы кызметті заң талаптарына сәйкес жүргізуі керек және қогам мен азаматтардың мүддесін білдіруі кажет табиғат корғау органдары билікке ие болып шығады. Соңғы кезде экологиялык катынастарды құкықтык реттеу саласында, экономикалык немесе каржылык механизм аркылы эсер етудің ролі арта бастады. Қазакстан Республикасының Конституциясы - экологиялық кұкыктың негізгі көзі. ҚР конституциясына сэйкес, «эрбір адам жанга жайлы қоршаған ортаға, сондай-ақ экологиялык кұкык бұзу аркылы адамның денсаулығына немесе дүние мүлкіне экелетін зардаптар, коршаған ортаның жағдайы жэне шығынды өтеуі ту- ралы анык ақпараттар алуға құкылы». Қазакстан Республикасында жер жэне баска да табиғи ресурс- тар сол территорияда өмір сүретін халыктардың тіршілік негізі. Егер де қоршаған ортаға зиян әкелмейтін болса жэне баска адам- дардың құкыктары мен заңды мүддесі бүзылмайтын болса, онда жерді немесе басқа да табиғи ресурстарды пайдалану олардың меншік иелерімен еркін жүргізіледі. ҚР «Қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы» заңы табиғатты корғау заңдарының міндеттерін анықтайды - табиғи байлықтарды жэне адамның табиғи тіршілік ортасын сактай отырып, котам мен табиғат арақатынастарын реттеу, адамның шаруашылық тіршілігі барысында экологиялык зиянды әсерлерді болдырмау, қоршаган орта сапасының жақсаруы, қазіргі және болашак ұрпактар мүддесі үшін кұкык тэртібін сақтау жэне заңдылыгын нығайту. Әрбір азамат коршаган ортаның жағымсыз эсерінен - антропо- гендік эсерден, авария, зілзала, табиғи апаттан өз денсаулығын қорғауға құкылы. Осы қүқықпен камтамасыз ету механизміне - коршатан ортаның сапасын жобалау жэне нормалау, экологиялык зиянды әсерлерді болдырмау, авария, катастрофа, табиғи апаттарды ескерту жэне салдарларын жою жатады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==