Ет және ет өнімдерінің технологиясы: оқу құралы / Б. Қ. Әсенова, С. Қ. Қасымов.

терілері жүннің ұзындыгына байланысты жүнді (6 см-ден жоғары), жартылай жүнді (2,5-6 см) жэне тақыр (2,5 см-ге дейін) деп бөлінеді. Теріні түздауға дайындау. Терілердің жүнді жағы көп ластанған күйде болады, әсіресе малды дүрыс емес жағдайда ұстағанда. Малдың жүніне қи мен лас жабысып, алынуы қиын қақ кесектсрге (навал) айналады. Тері тұздау бөлімінде оларды қарап, ластанған жэне таза деп екіге бөледі. Ластанған терілерді тазартуға, ал тазаларын жууға жібереді. Жүнге жабысқан ластдрды тазалау үшін оларды жібітеді. Терілерді стеллаждарға немесе арбашаларға 20-30 данадан жүн жағын үстіне қаратып салып, душ астында суық сумей немесе шланг арқылы суғарады. Навалды кетіру үшін арнаулы машиналар қолданылады. Негізгі жүмыс органы- өткір емес пышақ білігі, теріні өңдегенде ол пневматикалық білікке қысылады. Тазалау кезінде тері мен біліктер сумен суғарылып отырады. Тазаланған терілерді жуу және салқындату үшін душ астында немесе барабандарда жуады. Терідегі артық су мөлшері 1 car ішінде ағып кетеді, немесе арнаулы барабандарда, білікті сығу машиналарында кетіріледі. Шошқа мен ұсақ малдардың терілері жуылмайды. Терідегі ет пен май қалдықтарын жэне тері асты клетчаткасын алу үшін терілерді шелдейді. Бүл мақсатта тері шелдейтін ММ-4, ММ-2-47 машиналары қолданылады, олардың өткір пышақты біліктері бар. Машинада шелдеуден бұрын герілерді алдын-ала, дерма кесіліп кетпес үшін, қалыңцығына байланысты сүрьпггайды. Шелдеу терілердің массасын азайтады, түздау кезінде түздың сіңуін жылдамдатады жэне тасымалдауды жеңілдетеді. Терілерді сүрыптау. Терілерді өңдеу ерекшеліктері, олардың ақаулары, массасы, ауданы өндірілетін бьшғары мен үлбірдің сапасын анықгайды. Терілерді тасқынды желілерде өңдегенде оларды сұрыптау тұздағаннан кейін жүргізіледі. Терілерді арнаулы үстелде жайып, екі жагынан мұқият қарайды. Ол үшін күндізгі жарық шамы, рефлекторлар қолданылады. Шошқа мен ұсақ малдың терілерінің ауданын, басқа малдың терілерінің массасын өлшейді. Қосымша қойдың жүнділігін анықтайды. Терінің ауданын планиметр немесе дециметраж тақтасының көмегімен есептейді. Бьшғары алуға шикізат есебінде қолданьшатын терілерді түріне, массасы мен мөлшеріне қарай 4 топқа бөледі. 1-топқа тумаган

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==