Жіңішке ішектерді (қой мен шошқадан басқасын) шарбы майдан пышақпен ажыратады. Сиырдың жіңішке ішектерін майдан ажырату ушін ұзындығы бірдей екі бөлікке бөледі. Ішек жиынтықтарын бөлу үшін арнаулы темір немесе темір-бетон устелдер қолданылады, оларда бұрылатын су шүмектері, ішектердің ішіндегісін жинайтын сүзгі т.б. тетіктер бар. Үстелдер тұрақты немесе конвейерлі болады. Жіңішке ішектерді босату сығу арқылы сусыз, ал жуан ішектер сумен босатады. Өңеш пен бүйенді іші -сыртынан сумен жуады. Жіңішке ішектерді ішіндегісінен босату үшін сығу біліктері қолданылады. Оларға бір мезетте 2-3 ішектердің ортасын қыстырады. Ішектердің созымдылығын қамтамасыз ету үшін, майды жүмсарту жэне жуу үшін біліктерді жылы сумен суарып отырады. Жуан ішектерді бір жағынан нгүмекке кигізіп, жартылай сумен толтырады, ішіндегісін ағызып, келесі жагынан осылай қайталайды. Қысқа ішектерді шүмек арқылы жылы сумен тазалайды. Ішектерді майсыздандыру үшін қол жүмысы немесе машина қолданылады. Қысқа жуан ішектерді қолмен майсыздандырады, ол үшін үты доғал қисық қайшы қолданылады. Қолайлы болу үшін ішектерді үстелдегі металл ілгектерге іліп қояды. Май жүмсақ болу үшін ішектерді жылы су қүйылған ваннаға салып қояды да, толық тазалау үшін машинадан өткізеді. Қой мен шошқаның ішектерін ілмей-ақ майсыздандыруға болады. ¥зын жіңішке ішектерді майсыздандыру үшін щеткалы, резеңке қалақтары бар жэне Стрид машиналары қолданылады. Щеткалы машинада бір мезетте екіге бүктелген 12 ішекті өңдеуге болады, ал резеңке қалақты машинада 1-2 ішек өңделеді. Майсыздандыру кезінде ішектер жьшы сумен жуылып отырады. Ішектерді тазалау кезінде артық қабаттар алынады. Барлық ішектерден шырышты қабатты алып тастайды. Сиырдың жіңішке ішектері мен қойдың соқыр ішегінен басқа ішектердің сероз қабатын тазалайды. Бүлшық ет қабатын ішектің беріктігін сақтау үшін қалдырады. Сиырдың өңешінен бүлшық ет қабатын қолмен алады. Шырыш қабатын сылу үшін диаметрі үлкен ішектерді теріс айналдырады. Қой, шошқа жіңішке ішектерін айналдырмайды. Ішектерді айналдыру үшін су қолданылады. Шырышты қабыкты арнаулы машиналарда тазалайды. Ол үшін ішектерді 40- 50° С жылы суда 40-60 мин жібітеді. Бүл кезде шырышты қабат ісініп, жұмсарады.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==