тастай салады. Бұл эрине дұрыс емес. Медициналық тұргыдан Караганда малдың етінен гөрі ішек-қарынында әр түрлі витамин көп болады. Соның ішінде шарбы араластырып шумақтаған ащы ішекті жегеніңде байқалатын сүйкімді қышқыл дэмі соны аңғартса керек. Осылай әзірленген ішек-қарын бауыр қосып қуырған қуырдақ таптырмайтын ас. Ал, асып пісірілген ішек-қарын, жөргемдер ет алдында бөлек табақ ретінде дастарқанға қойылады. Ішек-қарны алынганнан кейін кеңірдегі суырылып, өкпе- бауыры, жүрегі тұтас шығарылады. Жүрек тілкемделіп ішіндегі қара қаны агызылады, екі құлагы алып тасталады, қан-сөлі жуылады. Содан соң екі бүйрегі алынып, екі жамбастың түйіскен жері, ягни шаты ажыратылып, тік ішек пен қуықтың алынуы керек. Еркек мал болса куықты қамшысымен бірге тік ішектен ажыратып алып тастау қажет. Малдың іші тазартылған соң артқы аяғы бір кісіге үстатылып қойылады да, сүбеден бастагі бұганаға дейін қабырғалар сөгіледі. Осы тәртіппен екінші жағы бүзылады, мойнынан бастап омыртқапары мүшеленеді. Әдетте қойдың құйрығы бөлек алынады, екі жамбасқа да белгілі мөлшерде қүйрық қалдырылады. Қой-ешкінің басы жағымен тұтас күйінде үйітіліп, күйесі ыстық сумен жуылады, басынан жағы ажыратылады. Бас көбінесе қонаққа тартьшады. Көп жерлерде миына ұсақтап қүйрық қосып, мипалау деп аталатын күшті тагам жасалып, дастарқан басындағыларға ауыз тигізіледі. Сиыр да қой-ешкі сияқгы сойылады. Бірақ ол ірі қара болгандықтан әуелі екі қол белек алынып, сүбелер, қара қабыргалар мен бүганалар бөлек-бөлек сөгіледі, басы бүзылады, тілі жақтан белек алынады. Түйені бауыздарда жыгады да, терісін аларда шөгеріп қойып, арқасынан бастап pen сояды, мойыны үзын болғандыкган екі жерден (сағақтан жэне өндіршектен) бауыздайды. Мойын терісі бітеу алынып, кей жерлерде торсық істеледі немесе қамыт тігетін, кереге көктейтін таспа ретінде пайдаланылады. Түйенің алдымен өркеші, қомы, одан кейін екі қолы алынады да, қалған жаты сиырша бүзылады. Жылқы мен семіз түйенің қазысы қалың болады, бірақ ол айналдырылмай, тілінген күйінде түздалады. Түйенің жіліктері қазанға симайды, іші майға толы болады, ірі түйелердің бір
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==