БАЛАЛАР ЖӘНЕ ДИЕТАЛЫҚ ТАҒАМДАР ШЫҒАРАТЫН КОНСЕРВІЛЕР ӨНДЕРІСІШҢ ЕРЕКШЕЛІГІ Балалар мен диеталық тағамдарға арналған азық-түліктер басқа қырынан ерекшеленеді. Бұларды жасауда балалардың өскелең организмінің (бір жастан бастап 16-17 жасқа дейін) физиологиялық, биохимиялық және тамақтанудың гигиеналык ерекшеліктері, сол сияқгы ауырган адамдар дэстүрден тыс тағамдарды қажет ететіні ескеріледі. Балалар тагамдарына арналган консервілер, соның ішінде еттен жасалғандары арнайы мамандырылған зауыттарда, цехтерде жэне бөлімдерде жасалып шығарылады, бұлар басқа өндірістен оқшауланған жекелеген ғимараттарда ет комбинатының территориясында орналасуга тиіс. Ғимараттар технологиялық жағынан жоғары санитарлық талаптарға жауап беруі қажет. Балаларга арналған ет онімдерінің түрлері Балаларға арналған ет өнімдерінің қүрамын жасаған уақытта олардың жас ерекшеліктеріне байлаиысты организмдеріндегі алмасу процесін ескеру қажет. Баланың өмір сүруінің алғашқы жылында ауыздарында тағамның ұсақгалуы яғни шайналуы болмайтыны белгілі. Осыган байланысты балалар тағамына арналып ұсақталган шикізатган консервілердің мынадай түрлерін шығару қарастырылған: 6-7 айлық жастан жэне ауырған балалар үшін - гомогенделген («Малыш», «Малютка», «Чебурашка», «Крепыш» және басқапары, бөлшек мөлшерлері 800 мкм); 8-9 айлық жастағы балалар тагамы үшін - езбелер («Язычок», «Ет езбесі», «Винни - Пух» жэне басқалар, бөлшек мөлшерлері 0,8- 1,5 мм); 10-18 айлық балалар үшін ірілеп ұсақталган («Конек-горбунок» жэне басқалар, бөлшек мөлшерлері -2-КЗ мм). 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға тағамдарына арналған тағамдардың түрлері анағұрлым кеңейтілген жэне ересек адамдар организміне жақындатылған, бірақ бұл жастағы бөбектердің физиологиялық ерекшеліктері жэне метаболизм процесінің сипаттамасы ескерілген.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==