Ет және ет өнімдерінің технологиясы: оқу құралы / Б. Қ. Әсенова, С. Қ. Қасымов.

Стерилизациялау формуласын есегггеудің мейлінше кең тараған және ңакты дэлдігімен ерекшеленетін түрі графикалық әдістеме болып табылады. Бұл тәсіл консервіні стерилизациялаудың термограммасын тұрғызуға, споралардың (Ғ-әсер) инактивацияларыныц жалпы тиімділігін анықтауға және соңғысын нормативтік есептеу тиімділігі мен салыстыруға (Ғо) негізделген. Консерві өндірісінде стерилизациялау тиімділігі ұғымы температура әсерінен және стерилизациялаудың ұзақтығынан алынған интегралдық эсердің эр түрлі тәртіптерін бірыңғай салыстырмалы көрсеткіштерге регтеуге енгізілген. Стерилизациялау әсері (Ғ-эсер) белгілі температурада (шартгы) минутгармен берілген консервілерді стерилизациялау тэртібінің сенімді көрсеткіші. Шартты температура ретінде 121,1°С алынады. Стерилдеу техникасы Аппараттар ішінде стерилизация процесінде банкілерде артық қысым пайда болу салдарынан консервілердің түтастығының бүлінуіне жол бермеу үшін сол қысымға қарсы шаралар қолданылады. Артық қысымның мөлшері консерві түрлеріне, ондағы суға, ауаға, газға, қыздыру процесінде өнім көлемінің үлғаюына байланысты. Консервілерді булы ортада стерилдеу, суда сстерилдеуге қарағанда стерилизациялаудың біркелкі формуласының өзінде-ақ банкі ішінде температура көлемінің біркелкі таралуын қамтамасыз етеді. Консервілерді стерилдеудің түрлері сан алуан, бірақ өндірісте олардың бірнеше түрі ғана қолданылады. Негізінен консервілерді өткір бумен, кейде ыстық сумен, үздікті жэне үздіксіз жүмыс істейтін аппараттарда стерилдейді. Ғалымдар электр және магнит өрістерінде, иондаушы сәулелер арқылы стерилдеу тэсілдерін үсынды, бірақ олар өндіріс жагдайында аса қолайлы болмады. Жоғары жиіліктегі тоқтьщ (ЖЖТ) және аса жоғары жиіліктегі токтың (АЖЖТ) электромагнитгы өрісімен стерилизациялау өте тиімді болып табылады. Өнімді жоғары жиіліктегі және өте жоғары жиіліктегі өрісте қыздырғанда жылудың микроорганизмге деген эсері өнімнің өз ішіндегі клеткаларда айнымалы электромагнитты өрістің эрекетінен құралады. Сондықган да жоғары жиіліктегі және

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==