Ет және ет өнімдерінің технологиясы: оқу құралы / Б. Қ. Әсенова, С. Қ. Қасымов.

Тік немесе көлбеу типті ауа жэне ауасу тестерінің жұмысы мейлінше жетілдірілген, ол банкілерді бақылау камерасынан тұрады, эрі вакуум жуйесімен немесе сығылған ауаны беру жүйесімен жалгасады. 14-сурет. Консерві қалбырларын жабатын автоматты машина Банкілердің тұмшаланганын тексергеннен кейін стерилизациялауга жібереді. Өнімді банкілерге бөлектеп өлшеп салғаннан кейін стерилизацияның басталауына дейін кідіріс болмауына ерекше қөңіл бөлінеді. Бүкіл процестің үзақтығы, яғни, жабу кезінен бастап, стерилизациялаудың басталғанына дейін 30 минуттан артпауға тиіс. Бүл шартты бұрмалау шикізатгағы микроорганизмдердің қарқынды дамуына әкеп соғады, ендеше консервіде жарамсыз болады деген сөз. Қыздырып өңдеу Термиялық өндеудің теориялық негіздері. Консерві өндіру прцесінде, сақгау кезінде өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, термиялық өндеудің стерилизациялау, пастерлеу, тиндализациялау сияқты тәсілдері пайдаланылады. Стерилизация - консерві өндірудін технологиялық процесгерінің негізгі операцияларының бірі; ол үшін

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==