Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

Қорғаныстың үш сызығын анықтауға байланысты ойыншы- ларды тосқауылшылар, сақтандырушылар мен қорғаушылар деп бөледі. Алайда бір ойыншы екі тәсілдік міндетті қатар атқаруы мүмкін. Ойыншылардың өзаа іс-қимылдары топтық тосқауылда (екі қатар немесе үштік) шабуыл соққыларын қабылдаудағы түрлі іс-қимылдарда, сақтандыруда көрінеді. Түрлі міндеттерді тқаратын ойыншылар арасындағы өзара іс- қимылдарды әзірлегенде тосқауылшыға көп үміт артылады. Сақтан- дырушылар мен қорғаушылар өз іс-қимылдарын тосқауылшының ойынына байланысты қүрады Топтық тосқауыл тәсілінің негізі - екі қтар тосқауыл. Үштік тосқауыл өте сирек кездеседі. Жалаң, аймақтық және жылжымалы тосқауылды құру принциптері топтық тосқауылды қүруда да қолданылады. Тосқауылшыларды орталық (ортаңғы) және шеткі түрлерге бөледі. «Негізгі және көмекші тосқауылшы» ұғымы шартты мағы- нада қолданылады. Олардың қызметін қатаң қалыппен бөлмеген дұрыс. Егер ойыншы орталықта түрса, ол міндетті түрде негізгі тосқауылшы, ал шетте түаса, көмекші тосқауылшы болады. Тәсілдік ойлауына байланысты күшті тосқауылшы көп жағ- дайда орталықта ойнайды. Бүл ең алдымен ол 3-аймақты қоспа- ғанда, 2-аймақта да, 3-аймақта да үлгеруі үшін жасалады. Бұл ойыншы тосқауылдың ұйымдастырушысы болп табылады. Күшті тосқауылшыны тордың шетіне қалдырған дүрыс болатын шабуылдағы көптеген тәсілдік жылдамдық айла-шарғылары пайда болды. Кейде бұл белгілі бір қарсылас шабуылшысына қарсы жеке жасалады. Мүнда шеткі тосқауылшыға жауапкершілік жүктеледі. Күшті тосқауылшы немесе шартты түрде негізгі тосқауылшы алдын ала болжанған соққының қауіпті бағыттарын жабады, ал басқа тосқауылшылар оған барлық аймақта көмектеседі. Сондықтан жылжымалы ойыншыны орталықта қалдырған дүрыс. Іс-қимылдар мен қатаң тәртіптің үйлесімділгі арқылы ғана топтық тосқауылдарды ойдағыдай орындауға болады. Бұл орын таңдауға, соған лайық ауысуға, шешуші орынға орналасуға,секіру сәтіне, қолдың саусақтарының қалпына байланысты. Топтық тос- қауылда кім кімнің жанына қосылады деген сауал соққы сәтіндегі 262

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==