Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

қ арсыласының бірінші доп беруімен және шегінуімен шабуыл жасауында; күтпеген қарсы соққыда. Жалаң тосқауыл құрудың екі әдісі - жылжымалы (үстап қалушы) және аймақтық түрлерін қарастырамыз. Аймақтық тосқауылда ойыншы соққының бір ғана бағытын, яғни алаң аймағын жабады. Жылжымалы тосқауылда ол әрбір жағдайда шабуыл соққылары- ның доп беруі мен қарсыласының әрекеті бойынша анықтап, ақиқат бағытын жабуға үмтылады. Көп жағдайда дер кезінде секіру тосқауылдың сапасын анық- тайды. Орташа және биік доп берудің көптеген соққыларда тос- қауылшы соққының бағытын жабу үшін шабуылшы секірісінен кейін секіреді. Ол бұны сермеу сәтінде және соққыға шабуыл жасалатын қол қимылы сәтінде орындалады, себебі тосқауылшы бүл сәтте секіруге дайын болады. Төменнен тік және көздеп доп беру соққы- ларында тосқауылшы шабуылшымен бірге секіруі тиіс. Тордан алыс доп беру соққыларымен бүйір соққысында әдеттегіден кешірек секіреді. Тосқауылшы секіруді әрдайым бар күшімен орындауға тиіс емес. Бүл мынаған байланысты: - тосқауылшының бойы мен шабуылшының секірісі; - доп берудің тордан биіктігі және алшақтығы; - торға қарағанда соққының биіктігі; - шабуылшының соққы бағыты (ол қандай соққыларды жиі пайдаланады - тіксызықты және ауыстырумен); - тосқауылшының өзінің бойы мен секіру биіктігі. Кейде тосқауыл барысында қатарынан екі рет секіруге тура келеді. Мысалы, қарсыласы бірінші доп берумен және шегінумен ойнағанда. Онда тосқауылшы бір рет соққыға жылдам секіреді, екінші рет шегінумен жасалатын соққыға секіреді. Тосқауыл қоюда ең бастысы - шабуылшы қарсыласының іс- қимылын қадағалауы тиіс, сонда тосқауыл нәтижелі болады. Тосқауыл ушін тор үстіне қолды шабуыл соққысының алдында соңғы сәтте шығару керек. Қолды алдын ала көтеру шабуылшыға тосқауылшының ниетін сездіріп қояды, сол арқылы оның шабуыл- дағы әрекетін жеңілдетеді. 260

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==