Қорғаныстағы ойыншылардың жеке іс-қимылдары тікелей доппен орындалатын іс-қимылдардың өтетін орнын, дайындығын қарастырады. Бүндай іс-қимылдарға тасталған допты қабылдау (оны бірінші доп беру ретіндегі шабуыл тәсіліне де жатқызуға болады), тосқауыл мен шабуыл соққыларын қабылдау және сақтандыру орнын таңдау жатады. Тасталган допты қабылдаудагы допсыз орындалатын іс-қимылдар Ойыншы тасталатын допты қабылдау үшін орын таңдағанда бірінші кезекте, орналасудың жалпы сызбасын ескеріп, қолайлы түрысты таңдайды. Ол жанында тұрған ойыншылардың іс-қимыл- дарына қысым көрсетпеуі керек. Ол алдағы доп қабылдау үшін орын ауыстырумен байланысты доптың мүмкін болатын үшу жолы мен бағытын алдын ала болжай білуі тиіс. Тасталатын допты қабылдау орнын таңдағанда өз іс-қимыл- дарының шартты аймағын есте ұстау қажет, дегенмен де қалып- тағыдан тыс қимыл жасау керек. Мысалы, қарсыласы тордан 3-5 м алшақ ауданға доп тастады. 5-аймақ ойыншысы тасталатын допты қабылдағанда одан 5 м шамасында түрды. Егер қарсыласы доп тас- тау үшін беткі сызыққа өтсе, онда 5-аймақ ойыншысы соған сәйкес артқа қарай орын ауыстырп, тордан 7-8 м шамасында түрады. Тосқауыл орнын таңдаудагы допсыз орындалатын іс-крмылдар Бүл іс-қимылдар былай анықталады: - ойыншылардың тәсілдік сауаттылығымен; - қарсылас шабуылшысына қарсы аймақтағы қадағалаушының бастапқы қалпымен; - қарсылас ойынының тәсілдік айла-шарғы түрлерін анықтауға байланысты орын таңдауды жалғастырумен; - бірінші доп беру бағытталатын аймақпен; - соққы үшін доп беру бағытталатын аймақ; - шабуылшы қарсыласын аймақта кездестіру және оның орын ауыстыру мүмкіндігі; - доп беру жолы мен соққының мүмкін болған тию нүктесі; 258
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==