Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

Бүл жүйенің бірнеше тәсілдік айла-шарғы түрлерін мысалға келтіреміз. 1) Доп 5-аймақта қабылданып, 6-аймақ ойыншысы шыққан 3- аймаққа бағыттапды. 4 және 2 аймақ шабуылшылары төменнен доп беру соққысын орындау үшін тордың ортасына шығады. Қарсыласы онда топтық тосқауыл үйымдастырады. Бақылаушы ойыншы допты 4-аймақ ойыншысына береді, одан 3-аймақ шабуылшысы соққыны орындайды (25-сурет). 2) Допты 1-аймақ ойыншысы екінші доп беру үшін шығатын 2-аймаққа бағыттайды. 2-аймақтың шабуылшысы төменгі доп беру- мен соққы беру үшін 3-аймаққа шығады, ол ойыншы соңғы сәтке дейін өз ниетін білдірмейді. 4-аймақка тағы бір шабуылшы қауіп төндіреді. Доп беретін ойыншы бастапқыда қарсыласына өз жа- нында төменнен доп беруді орындайтындай қалып білдіріп, сосын 4-аймаққа тордың шетіне қарай үзақ доп беретінін бейнелейді. Кенеттен ол допты 3-аймаққа томен доп берумен соққыға шыға- тын - «тізбек» - 2-аймақ шабуылшысының арқасына бағыттайды (159-сурет). 3) Шабуыл да алдыңғы нүсқадағыдай жасалады, бірақ соңғы сәтте 3-аймақтың шабуылшысы соқыны орындау үшін 2-аймаққа ауысады («крест» айла-шарғысы), ал доп беруші допты тез 4-аймаққа тордың шетіне бағыттайды (160-сурет). 159-сурет 160-сурет 256

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==