бермейді. Сондықтан ойыншылардыц сәттік мүмкіндікті пайда- ланып, осындай соққылар жасауына жағдай жасау керек. Доп беру биік болмау керек. Егер доп соққысы 4 немесе 2 аймаққа бағыт- талса, онда ол торга қашық жерден, бүйір сызығынан бір жарым метр қашықтықта өтуі керек, немесе керісінше жагдайда соққыны және шегінуді орындау қиын болады. Бірінші доп берумен шабуылдау қаупін түрлі аймақтарда кезектестіріп жүргізген дұрыс (4, 2, 3). Шабуыл соққыларын жай және үдемелі жүгіріп келумен орындайды. Қадамдап немесе ор- нында бүрылып немесе бүрылмай соққы беру өте тиімді. Оны шегіне доп соғумен кезектестіреді. Кейде қатарынан екі рет шегіну де мүмкін: шабуылшы қарсы келген допты ұруды бейнелейді (өтпелі) және оны әріптесіне лақ- тырады, ол допты келесі шабуылшыга лақтырады. Шегінуді барлық аймақтан, барлық бағыттарда, кез-келген арақашықтықта түрлі биіктіктер мен түрлі жылдамдықта орындауға болады. Ойынның осы әдісінде туындайтын бірнеше жағдайларды тал- даймыз. Шабуыл алдындагы кезең. Доп тор арқылы 2-аймақ ойыншы- сына беріледі. 3-аймақ шабуылшысы тордан шегініп үлгереді. 2- аймақ ойыншысы тез соққы үшін допты лақтырады (тез әрі биік емес). Ол секіріп, сермейді, бірақ қарсыласының тосқауылға дайын еместігін байқайды. Онда соңғы сәтте ол допты 4-аймақ шабуыл- шысына бастан асыра лақтырады, ол айла-шарғыны аяқтайды. Күрделі емес доп тастау амалдары. Шабуылшы ойыншылар- дың (немесе байланыстырушы) бірі доп беретіндей болып, 3-аймақта тордан бір метр қашықтықта түрады. Ойыншы секіре доп беруді бейнелеп, кенеттен допқа соққы береді. Артқы сызықтан шығатын ойыншының екінші доп беруден шабуылдау жүйесі өте нәтижелі, өйткені тордың жанындағы үш ойыншы қарсыласына үнемі қауіп төндіреді. Ол барынша күрделі, өткір және қызықты тәсілдік айла-шарғыларды қолдануға мүмкіндік береді. Шабуылшылар түрлі доп берумен өз аймақтарында және қиы- лыса ауысумен соққы бергенде өте нәтижелі болады. Байланыстырушы ойыншы тосқауылшы қарсыласының іс-қимылдарын ескеріп, допты ойнатуы тиіс. 255
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==