Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

Қандайда бір тәсілдік айла-шарғыны қүрудың принциптік сызбасы бірдей. 1) Соққыға екінші доп бсру үшіп I (6, 5)-аймақ ойыншысы шығады. Әрбір шабуылшы өз аймағында ойиайды (4, 3, 2). Айла- шарғының ерекшелігі соққыға доп берудің түрлеріпе, шабуыл- шылардың қимыл бағыты мен екпініне қүрылады. Ойын жогары және орта доп берумен, бүкіл тор ұзындығына кең ұшып (қапталдап шабуылдайды), 3-аймақта темен доп беруден немесе доп ұшқаида, тікелей немесе жартылай көздеп және көздеп доп берумен, бастан асыра артқа доп берумен және т.б. жүргізілуі мүмкін. 2) 1 (6, 5)-аймақ ойыншысы соққыға екінші доп беру үшін алға шығады. Шабуылшылар өз аймағында, әріптесінің аймағында және ойыншылардың қиылыса ауысуымен ойнайды. Бұл айла- шарғының бірнешесін «крест», «толқын», «тізбек», «аймақ», «оралу», «көздеу» және т.б. Шабуылды аяқтау үшін кез-келген тәсілдік айла-шарғыларда ойыншылардың біріне жағдай жасау керек. Сондықтан ойыншы- ларды допты тікелей ойнатушылар мен осыған көмектесетіндер деп бөледі. Мысалы, доп беру үшін 1 немесе 6 аймақтың ойыншысы шығады. 3-аймақ шабуылшысы тез ауысып, үшқан допты үру үшін секіреді, 2-аймақ ойыншысы да оның аймағына жылжып, бірақ одан сәл кейінірек 3-аймақ ойыншысының жолымен қиылысып, оның сол жағына қарай секіреді. 4-аймақ ойыншсы тордың шетін жартылай көздеп және көздеп (жылдам) доп берумен шабуылдайды. Бұл шабуылды «крест» деп атайды (шабуылшы ойыншылардың қиылыса қозғалуы айтылады 24-сурет). «Толқын», «тізбек» және т.б. айла-шарғыларды қалқанмен тор- дың жанында және алаңның түкпірінде орындайды. Ойыншылардың өзара әрекетін жетілдіріп және тәсілдік айла- шарғыларды іске асыра отырып, негізгі принциптерді үстануы қажет: команда үшін орындалу әдісі бойынша қиындық келтіретін немесе үйренбеген тәсілдік айла-шарғыларды пайдалануға болмайды; барлық тәсілдік айла-шарғылар нақты ойын жағдайына негізделуі керек. Шабуылдың нәтижелілігі ойыншылардың жеке әдістік және тәсілдік дайындығымен қатар топтардың нақты өзара қарым- 253

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==