Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

- Кез-келген бағытта кез-келген аймақта шегінуді орындай білу; - Соққыны жүгіріп келіп және орнында орындай білу. Бүндай айла-шарғыларды екі-үш ойыншылардың өзара әрекеті барысында іске асырады. Онда ең бастысы - күтпеген шабуыл. Мысалдар келтірейік. Бірінші доп беру соққыны орындау үшін 4-аймақ ойыншысына бағытталады, ол шабуыл соққысын орындайды. Егер қарсыласы тосқауылды қүрып үлгермесе, онда 4-аймақтың шабуылшылары аяқтаушы соққы үшін 3, 2 және 4-аймаққа допты лақтырады, ол орынға келесі ойыншы ауыса алады. Соққы ұшін бірінші доп беру 2-аймақтың ойыншысына бағыт- талғанда осындай айла-шарғылар ойнатылады. 1) бірінші доп беру тез соққы үшін 2-аймақ ойыншысына бағытталады, ол аяқтау соққысы үшін допты арттан жүгіріп жеткен 3-аймақ ойыншысына бастан асыра лақтырады. 2) 3-аймақ ойыншысы тордың жанында түрады. Бірінші доп беру оған тез соққы беру үшін оң жағынан бағытталады. 3-аймақ шабуылшысы орнынан бүрылып не 2-аймақ ойыншысына алға не 4-аймақ ойыншысына артқа соққы беруді орындайды. Артқы сызықтан шығатын ойыншы орындайтын соққы үшін екінші доп берудегі тәсілдік айла-шарғыларға мысал келтіреміз. Мүнда доп беру үшін 1, 6 және 5-аймактың ойыншысы шығады. Артқы сызық ойыншысының алға шығуының екі әдісі бар: ойыншының артынан және аймақтан. Ойыншынын арт жағынан шыққан кеде ойыншы доп қабыл- дауға қатыспауы керек. Бұлай шығуды мақсатты деп атайды. Ол тасталған допты қабылдауға қатыспауы тиіс. Аймақтан шыққанда ойыншы өз аймағына орналасып, жағдайға қарай тасталған допты қабылдағанда және шабуыл алдындағы ойындарға қатысады. Егер доп оған қарай үшса, ол бірінші доп бе- руді алдыңғы сызық ойыншысына немесе келесі шыққан ойын- шыға бағыттайды: егер олай болмаса, торга араласып, екінші доп беруді орындайды. Сондықтан да шығудың бүл әдісі шабуыл алдындағы ойындарда және қарсыласының доп тастау бағытына қарай қолданылады: егер доп тастау алаңның сол бөлігіне бағыт- талса, онда ойыншы 1 және 6-аймақтан, ал оң жақтан шықса, онда 5 және 6 - аймақтан шыгады. 252

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==