Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

сызықтан шығатын ойыншы орындайды. Бұл артқы сызықтан шығатын ойыншы мен доп қабылдаған ойыншының өзара қарым- қатынасы. 3) Допты ұру үшін беретін ойыншы шабуылшы ойыншымен не- месе керісінше өзара қарым-қатынаста болады. Бұл жағдайда шабуыл соққыларын екінші немесе бірінші доп беруден орындағауға болады. 4) Шабуылшы ойыншылар өз аймағында және әріптесінің аймағында өзара қарым-қатынаста болады. Ойыншылардың бүндай топтық өзара қарым-қатынасы белгілі бір тәсілдік айла-шарғыларда атқарылады: берілген допты қабылдау мен ойын барысында орындалатын алдын ала үйренген және келісілген іс-қимылдарда. Мысал үшін қарапайым нүсқаларды аламыз: 1) Алаңның сол бөлігінің ойыншыларының бірі (егер ол 3-аймақ ойыншысынан солға қарай орналасса, 4, 5 және 6 аймақтар) тордың жанында түрған 3-аймақтың ойыншысына берілетін допты бағыт- тайды. 3-аймақтың ойыншысы 4- аймақтың ойыншысына шабуыл соққысы үшін лақтырады немесе 2-аймақ ойыншысына бастан асыра лақтырады. 2) Алаңның оң бөлігінің ойыншыларының бірі (2,1 және 6 аймақтар) 2-аймақ ойыншысына соққы үшін доп беретін немесе 4-аймақ ойыншысына бастан асыра артқа лақтыратын 3-аймақ ойыншысына берілетін допты бағыттайды. 3) Ойыншылардың бірі допты 2 (4) - аймаққа бағыттады, тор- дың жанында түрған ойыншы 3, 4 (2)-аймаққа ұру үшін допты бағыттайды. 4) Команда ойыншыларының бірі бірінші доп беруді 3-ай- маққа жақын, 2 (4)-аймақтағы әріптесіне бағыттайды. 2 (4)-аймақ- тағы ойыншы соққы үшін допты оның артынан жүгіріп келіп, соққыны орындайтын 3-аймақ шабуылшысының басынан асыра артқа доп береді. Соққыға бірінші доп берумен ойынды жүргізгендегі тәсілдік айла-шарғылар былай құрылады: соққы үшін берілетін доптың дәлдігі; 4, 3, 2 - аймақтарындағы бірінші доп берумен соққыны орындай білу және оны шегінумен үйлестіру; 251

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==