Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

Ойын жағдайын дұрыс бағалағанда ғана доп беруді дүрыс орындауға болады. Бүл ойыншының тәсілдік ойлауына байла- нысты: оның үғымталдығы, аталған ойын сәтіндегі шабуылшының мүмкіндігін білуі мен тапқырлығы, шешімталдығы. Доп беретін ойыншыға қойылатын басты талап тек аймаққа жай доп беріп қана қоймай, әр кезде допты айла-шарғымен беруге үмтылуы болып табылады. Дүрыс тәсілдік шешім қабылдау үшін бірнеше факторларды ескеру қажет: 1. Доптың үшу жолының биіктігіне (биік, орташа, төмен), жылдамдығына (жартылай көздеу, көздеу), қашықтығына (үзақ - аймақ арқылы, қысқа - аймақтан аймаққа, қысқарған - бір аймақта), шабуыл соққыларының сипаты (қарапайым, үшып немесе жүгіріп төменнен доп беру), сол сияқты алаңдатушы доп беру әрекеттері арқылы доп берудің барлық түрлерін игеру. 2. Аталған кездесудегі шабуылшы ойыншылардың нәтижелілігі. 3. Тосқауылшы, атап айтқанда, әлсіз қарсыласының орналасуы. 4. Шабуылшының қайсысы шабуылға қолайлы орында тұр және қандай доп беру ең қолайлысы. 5. Доп беруші мен шабуылшының арасындағы қашықтық. 6. Доп беру (тордың жанында немесе алаңның түкпірінен) қалай және қай бүрыштан орындалады. 7. Доп беруші ойыншы қиын және қолайсыз жағдайларда тұрған орны доп үруға қолайлы, өзіне жақын шабуылшыға доп беруі керек екені туралы заңдылықты үмытпауы тиіс. Алаң түкпірінен доп бергенде (4 м және одан жоғары) допты барынша қатты соғуды емес, оны аймаққа қарай бағыттауды ойлағаны жөн. 8. Бір шабуылшыға ойнамауы керек. 9. Шабуылшының нақты ойынын ескеру. 10. Саналы тәуекелден қорықпауы керек. 11. Аталған тәсілдік айла-шарғыда шабуылшының қимыл екпінін ескеру керек. 12. Доп бергенде өз іс-қимылдарын қиындатпауы керек, мысалы, жағдай талап етпегенде кезде секіру. Осының барлығы бірінші доп беруден соққы және шегініп доп үруда доп беруде өте маңызды. Әдетте тез үру үшін доп беруді 248

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==