2-аймақтағы ойыншы бүйір сызықтан біршама алыс тұрып, сәл артқа ойысады. 3-аймақтан, 3 және 2 аймақтар аралығында және тордың жиегінен шабуылға шығады. Соққы беру үшін 4-аймаққа да ауысуы мүмкін. 3-аймақта шабуылшы ойыншы түруы мүмкін: - бүйір сызығынан біркелкі арақашықтықта шабуылдың үшметрлік сызығында тұруы мүмкін; - орталықтан оңға қарай үшметрлік сызықта; - орталықтан солға қарай үшметрлік сызықта; - тордан 1-2 метр аралықта 3-аймақта. 3-аймақтың ойыншысы соққы беруі үшін 4 немесе 2- аймаққа шығуы тиіс жағдайлар да кездеседі. Онда ол шамамен бүйір сызы- ғынан 1,5 м немесе соған сәйкес оңға қарай алаң ортасынан үшметр- лік сызықтан солға қарай алыс орналасады. 3-аймақтағы шабуыола ойыншылар торға елеусіз бүрыш жасай отырып соққыға шығады. Егер ойыншы доп берушінің артынан 2 немесе 4 аймаққа шығып доп үратын болса, онда ол доп соғуға шығу үшін қолайлы жерге алдын ала ауысуды «ілмек» тәрізді артқа, алға-оңға және солға қарай орындайды. Егер ойыншы бастапқы қалыпта «жартылай тебілу» қалпында түрса, онда доп тастау сәтінде ол сәл артқа шегінеді. Соққыға шығу барысында ойыншылар мына ережелерді сақтауы керек: - қарсыласына шынайы шабуыл қаупін төндіру; - қарсыласының тосқауылшы ойыншыларын басқа аймақтарға ауысып, алдарқату; - кез-келген сәтте доп соғуға дайын болу; - ұйымдастырылған тәсілдік айла-шарғының белгілі бір екпіні мен ырғағына бағынып, топтаманы бүзбау. Доппен орындалатын іс-қимылдар Бұған шабуыл амал-әдістерін таңдау және оны дер кезінде, әрі тиімді пайдалану. Ойыншы қарсыласына қауіп төндіріп, оған доп тастау әдісін өзгертумен психологиялық эсер етіп, қорғаныс жүйесін дэл, күшті, дыбыссыз, алдамшы және т.б. түрлі соққылармен бүзып, сол сияқты соққыға екінші доп берудің жылдамдығы мен бағытын өзгертіп, оны шатастыруы мүмкін. 246
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==