(шабуылды аяқтау) қабылдау орынын таңдау жатады. Бұл әрекет бүкіл ойын барысында түрақты болады. Екінші доп беру орнын таңдау былай атқарылады: 1. Алдыңғы сызықтағы доп беретін ойыншыны жақсы орын таңдауы үшін шабуыл аймағына ауыстыру. 2. Артқы сызық ойыншысының алдыңғы сызық ойыншысы- ның әсерінен мақсатты шығуы, бүл амалды берілген допты қабыл- дауда пайдаланады. 3. Артқы сызық ойыншысының аймақтан шығуы, оны берілген допты қабылдағанда және ойын барысындағы қыздыруда пайдаланады. 4. Шығып, ұстап қалу. Шығуды қайталайтын бүл амалды доп көзделген орыннан ауытқып кеткенде пайдаланады. Екінші доп беру үшін орынды таңдағанда ойыншы мынаны есте үстауы керек: 1. Ойыншының орны 2-аймақта тор мен бүйірлік сызықтан 1,5- 2 м, 3-аймақта тордан Зм арақашықтықта болуы тиіс. 2. Артқы сызықтан шығатын ойыншы жанында түрған әріп- тесіне доп қабылдау кезінде кедергі болмауы керек. Қарсыласы тастаған допқа немесе шабуыл соққысында қарсы жүгірмеуі керек. 3. Допты үру үшін екінші доп беруді орындайтын ойыншы доптың тасталғаннан кейінгі қабылдау кезіндегі немесе шабуыл соққысының жолы мен бағытын анықтап алмай, кілт ауыспауы керек. Шабуыл соққысы үшін орын таңдауда допсыз ойыншының іс-қимылы мына жағдайларда анықталады: бастапқы қалып, бас- тапқы түрысқа келу, алдын ала ауысу немесе орын ауыстыру және үру үшін алға шығу. Бастапқы түрысты таңдағанда эр ойыншы өзіне қолайлы орын таңдайды, мысалы, 4-аймақта ойластырылған тәсілдік айла-шарғыға байланысты үшметрлік сызықта немесе оның алдындағы алаңның бүйірлік сызығында. Бүдан кейін де ыңғайлы іс-қимыл жасауы үшін ойыншы әдетте, біршама артқа және солға ауысады. Соққы үшін алға үмтылу үш бағытта жүреді: 3-аймақта тікелей тордың ортасына, 3 және 4-аймақтар арасында немесе тордың шетінде, жарты метр шамасында, яғни шектеуден (антенна) метр арақа- шықтықта орналасады. 245
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==