Байланыстырушы ойыншының комаіідіип.іһ |і і н п । і ।ір н.і атап айтқанда, шабуыл әрекетінде ұйьімдастыізуіііі.піі.іі . ............ болып, әдістік дайындығы жан-жақты және түрлі жагдиНппрчп t’l in ші доп беруді меңгеруі тиіс. Көру бағдары жақсы дамыгіш, оІИ.пі жағдайын тез бағдарлай білетін, сараптай алатын, ұстамды жбііе тиянақты байланыстырушы ойыншы айла-шарғылық ойындарды үйымдастыруы тиіс. Оның шабуылдағы негізгі міндеттері: әрбір шабуылшының ерекшелігін ескеріп, қарапайым және күрделі айла-шарғы үшін беретін допты дүрыс бағыттауы тиіс; тосқауылшы қарсыласының орналасуына қарай айла-шарғыны дүрыс үйымдастыру; берілген допты қабылдаумен қатар, ойын барысында да соққы үшін доп бе- руде артқы сызықтан (түрлі аймақтан) тиімді шығып, қарсы шабуылда бастама көтеруі тиіс. Қорғаныс іс-қимылдарында байланыстырушы ойыншыларға мына міндеттер жүктеледі: тосқауылда дара және топтық тос- қауылды меңгеріп, сақтану мен шабуыл соққыларын қабылдауда ширақ және жылдам болуы; егер қажет жағдайда артқы сызықта іс-қимыл ауқымын өз бақылауына алып, команданың жарыстық рухын көтеріп, қорғаныста дәл ойнауы тиіс. Ойыншылар қызметін тұрақты жетілдіру қажеттігі, бірінші кезекте, жан-жақты дайындықты талап ететін ойын ерекшелігімен анықталады. Команданы топтастыру әрбір ойыншының жеке ойынының күшті жақтарынақарай ойыншыларды іріктеп және оларды атқаратын қызметіне сәйкес аймақтар мен сызықтарға бастапқы тұрағын тиімді орналастыруды қамтамасыз етеді (4-1, 3-6, 2-5 аймақтары). Топтастыру кезінде сөрелік алты ойыншымен қатар солардың қызметін қайталап атқаруға қабілетті ойыншылар кіретін бүкіл команданың қүрамы анықталады. Команданың сөрелік алты ойыншысын топтастырудың бірнеше нүсқалары бар. Соңғы кезде іс-тәжірибеде екі нүсқа кең таралған: төрт шабуылшы мен екі байланыстырушы (4-2); бес шабуылшы мен бір байланыстырушы (5-1). 4-2 топтастыру нүсқасы қызметі бірдей ойыншыларды (екі байланыстырушы, екі көмекші шабуылшы, екі негізгі шабуылшы) 243
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==