156-сурет Тәсілдік орындаудағы допты кабылдау әдістерінің ерекшеліктері (қабылдау түрлері) Заманауй ойында допты қабылдау команданың қорғаныс әре- кетінің, әсіресе, қарсыласының тастаған добын қабылдаудағы же- текші элемент. Оны дербес екі бөлікке бөледі: 1) Доп қабылдау, оның негізгі міндеті - допты қабылдап, қарсыласының шабуыл әрекетінен кейін оны ойында қалдыру. 2) Қабылдағаннан кейін допты беру (бірінші доп беру), оның негізгі міндеті - өз әріптесіне допты мүмкіндігінше дәл беру. Сонымен, доп қабылдаудың жалпы тәсілдік міндеті - допты қарсыласының шабуыл әрекетінен кейін ойында қалдыру және оны шабуылды дамыту үшін әріптесіне бағыттау болып табыладыв. Тәсілдік міндетті орындауда мыналар жиі кездеседі: - қарсыласы тастаған допты қабылдап, оны ары қарай алдыңғы сызыққа беру (белгілі бір әріптесіне немесе орынға беру); бұл жағдайда допты екі қолмен жоғарыдан, екі қолмен төменнен бағыт- тап берілген допты қабылдаған дүрыс; - допты қарсыласының шабуыл соққысынан қабылдау; мүнда негізгі міндет допты «көтеру» болып табылады; сондықтан оны екі қолмен төменнен, екі қолмен жоғарыдан жамбасқа, арқаға немесе кеудеге құлап, бір қолмен төменнен бағыттаусыз-ақ қабыл- даған дүрыс; - тосқауылды өзіндік қауіпсіздендіруде доп қабылдау; мұнда оны екі қолмен немесе бір қолмен төмененнен бағыттап доп берусіз- ақ қабылдаған дұрыс. 234
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==