Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

Бір қолмен төменнен доп қабылдау. Допты бүлай қабылдау доп ойыншыдан алыс ұшқанда алдын ала ауысып немесе құлап орындалады. Доп жақындағанда алақан оның жолына бөгет жасауы керек. Соққы қимылына тек қол қатысады, ал аяқтар қатыспайды. Қол саусақтары қысылып, жұдырықталған; жүдырықпен немесе алақанымен үруға болады (155-сурет). Бүл амалды доп ойыншыдан алыс үшқанда орын ауысып немесе жамбасқа, кеудеге, арқаға қүлағаннан кейін және орнында орындауға болады. Арқаға және жамбасқа қүлаумен амалды орындағандағы қимыл жоғарыда айтылғандарға үксас орындалады, допты бір қолмен доп қабылдағандағыдай етіп ұрады. Ойыншы кеудеге құлап допты қабылдағанда соңғы қадаммен алға қүлап, алда тұрған оң аяқпен кілт тебіліп, кеудені төмен-алға, қолды алға жібереді (156-сурет). Артта тұрған аяқпен тебіліп, тізеден бүгіп, алға сермейді. Үшкап допты алақанның қырымен төменнен жоғарыға қарай ұрады. Ұрғаннан кейін екі қолды да алға жіберіп, иық ендігінен кең екі қапталға түсіреді. Сонымен бірге сермеу қимылымен тізеден бүгіліп, алда тұрған аяқты жоғары көтереді. Кеудені кеуде және бел бөлігінен иіп, басты артқа шалқайтады. Бұдан кейін қолды тірекке қойып, біртіндеп дене қимылының инер- циясын тежеп, шынтақтан бүгеді. Ойыншы кеудемен түсіп, ішімен және жамбасымен аунайды. Допты қабылдау мен күлауды орындағаннан кейін ойыншы тұрып, бастапқы қалыпқа келеді. 155-сурет 233

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==