созылған аяғына қарай бұрып, біртіндеп алаңға түсіп, оған жам- басымен, бүгілген аяғымен және арқасымен түседі. Аунап түскеннен кейін ойыншы аяғын сермеп түрады және келесі іс-қимылдар үшін бастапқы қалыпқа келеді. 154-сурет Арқа мен жамбасқа қарай аунағанда иық арқылы да аунауға болады. Бүл үшін тез тұрып және бастапқы қалыпқа келуге мүмкіндік беретін қимыл инерциясын пайдаланады. Төменнен екі қолмен доп қабылдау. Бұл заманауй ойындағы доп қабылдаудың негізгі әдісі. Доппен кездесетін орынға қадамдап, қарғып немесе жүгіріп жетеді. Соңғы тежелу қадамында қолды алға созып, оған күш түсіріп, саусақтарды жүдырық етіп түюге де болады. Бір аяқты екіншісінің алдына қойған дүрыс; мұнда дененің ЖДО-сы төмен түседі, аяқтар тізеден бүгіледі, кеуде сәл иіледі. Қолды доптың үшу жолына қиылыстыра қойған дүрыс. Доп жағында қарсы алу қимылын аяқтан бастайды: аяқты тізеден тіктеп, ойыншының денесі алға-жоғары көтеріледі (шамамен бүрыш 20°). Аяқты тез әрі қуатты тіктейді, ол қол қимылына бастапқы жылдамдық береді. Қолды жүмықа кешірек қосады, оның қозғалу жылдамдығы елеусіз өседі. Допты білекпен үрады. Доппен түйісу уақыты өте аз, сондықтан көмекші қимылдардың доптың үшу бағытын қадағалауға тигізер әсері мол. Мұнда аяқты толық тіктеп, қолды алға созады. 232
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==