Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

Қолды ауыстырып шабуыл соққысы. Мұндағы шабуыл соққысында жүрістен соққы беруге ұқсайды. Қолды оңға қарай ауыстырып соққы беруде саусақ доптың сол жағында жататындай етіп доға бойымен солға-алға жүргізеді. Сонымен қатар саусақты жазады; оң қолдың басбармағын түсіреді, оң иықты сәл көтереді, сол иықты түсіреді. Допты үрғаннан кейін қолды сәл түсіріп, доплыл үшуына бағыт береді (152-сурет). Тік осьтен солға ауыстырғандағы соққы қимылында қолды саусақтар доптың жоғары және сол жағында жататындай етіп шағын доға бойымен алға-оңға қозғалады. Сонымен бірге саусақ- тарды жүмылдырып, басбармақты жоғары көтереді. Қол қимылы- мен бірге сол иықты сәл алға жібереді. Допты ұрғаннан кейін қолды алға-төмен түсіреді. 151-сурет 152-сурет Баяу соққылар (алдау). Кейде ойында допты торға жақын бағыттап, қауіпсіздендірілмеген аймаққа немесе тосқауылдан асыра тастау қажет болады. Тосқауылдан жоғары алдауда жүрістен тіке, баяу соққыны пайдаланады. Барлық дайындық іс-қимылдарын қарапайым шабуыл соққыларындағыдай етіп орындайды. Соққы қимылында үдемелі шабуыл соққыларындай етіп қолдың орнын ауыстырады: сәл бүгіп, тікелей көтеріп, шынтақ алға шығыңқы тұрады, қолды шынтақтан жазып, саусақ араларын «оймақ» тәрізді етіп допты ұрады (бір қолмен жоғарыдан доп беру үлгісімен). Тосқауылға жақын алдауда қолды оңға немесе солға ауыстыратын баяу шабуыл соққыларын пайдаланады. 230

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==