Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

төменге-қапталға жіберіп, сол қолды жоғары көтереді, кеудені үратын қол жаққа қарай иеді. Соққы қимылын жоғары бүйірден доп берудегідей етіп орындайды. Ол денені тік ось бойымен бұрып, оң иықты алға жіберуден және оң қолдың допты төменнен-арттан- жоғары-алға сермеуімен басталады, ал соққыны саусақпен жоға- рыдан-бүйірден орындайды. Содан кейін денені бұру, иық пен қолды алға-төмен қозғалуы инерция бойынша жүргізіледі. Соққы аяқталысымен ойыны екі аяғына қонады (150-сурет). 150-сурет Тәсілдік орындау кезінде шабуыл соққыларының әдістік ерекшеліктері (шабуыл соққысының түрлері) Заманауй ойындарда шабуыл соққылары - үпайға саналатын немесе доп тастауға мүмкіндік беретін негізгі шабуыл қүралы. Бұл жағдайда қарсылас тосқауылына қарсы күрес үшін дәл, жылдам және ерекше шабуыл соққылары көмегімен жеңіске жету жалпы тәсілдік міндет болып табылады. Доптың үшу бағыты бойынша шабуыл соққыларын ойын барысындағы жүрістен болатын соққы- лар (ойыншының жүгіріп келу бағыты соққыдан кейінгі доптың үшу бағытына сәйкес келеді) және қолды ауыстырып немесе кеу- дені бүрып соққы беру (доптың ұшу бағыты жүгіріп келу бағытына сәйкес келмейді) деп екіге бөледі. Соққыдан кейінгі доптың үшу жылдамдығына қарай оларды баяу (ІОм/с-қа дейін), үдемелі (16 м/с- қа дейін) және жылдам (16 м/с-тан аса) деп бөледі. 228

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==