- соққы кезінде тыныс шығару, ол соққыны тез орындауға көмектеседі, себебі бірқатар бұлшықеттер тынысалу қызметінен жаңылысуы мүмкін. Соққыны орындағаннан кейін ойыншы төмен түсіп, аяғын тізе буынынан тіктейді. Шабуыл соққыларының түрлері екінші доп беру сипаттары мен анықталады және оның бірнеше ерекшеліктері бар. Үзындығына қарай бөлінетін доп берулерде (ұзын, қысқа, қысқартылған) шабуыл соққыларын орындау кезіндегі іс-қимыл сипаттары бірдей, тек доптың ұшу уақытының үлғаюымен жүгіріп келудің екпінді-ырғақты құрылымы өзгереді: жүгіріп келудің бірінші және екінші қадамын орындау уақыты артады, шабуылшы ойыншының қимылы доп берумен үйлесуі жақсарады. Доп беру тәжірибесінде биіктігіне қарай жоғары және орташа - баяу, ал төменгілері - үдемелі және жылдам болып келеді. Жоғары (орташа) баяу доп берумен шабуыл соққыларын орындау әдісі туралы жазылды. Төменгі жылдам доп берумен шабуыл соққысы үшін мыналар тән: - 1 -2 қадамға дейін жүгіріп келу ұзындығын азайту; - жүгіріп келу соңында аяқты аз бүгу нәтижесінде өте тез тебілу; - артқа жіберген кездегі шынтақтан қолдың аз бүгілуі мен сермеу құлашының аздығы; - соққыдан кейінгі қолдың көмекші қимылдарының азаюы. Тордан алые доп берумен (1 м-ден аса) шабуыл соққысын орындаудын бірнеше ерекшеліктері бар: - соққы орыны созылған қолмен анықталады, иілу бүрышы 80°-85°; - қолды соққы қимылында жүргізумен бірге ойыншы бел- жамбас буынынан бүгіледі; соққы қимылында қолды тордың жоғары жиегі бағытымен жүргізеді. Бүйірден шабуыл соққысы. Заманауй ойында шабуыл соқ- қылары өте сирек. Жүгіріп келу тікелей шабуыл соққысындағы жүгіріп келуден ерекшеленбейді, тек оны торга сүйір бүрыш жасай, кейде қатар түрып орындайды. Кері тебілу де осы сипатталғанға үқсас. ¥шу кезінде сермеуді жоғары бүйірден доп берудегідей етіп орындайды: қолды 227
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==