Ляқтыц тіректен ажыраған сәтінен бастап ойыншы денесі жоғары және сәл алға қозғалады, бұл - үшу кезеңі. Көлденең сыр- ғуды болдырмау үшін аяқтың тіректен ажыраған сәтінде кеуденің жоғары бөлігін артқа жіберу керек. Бүндай қимыл белгілі мөл- шерде дене ЖДО-сы айналасындағы дене салмағын анықтап, қарама- қарсы көлденең құраушы күш жағына бағытталған біршама айна- лымдық сәт қүрайды. Бүл дененің үшу жолының үзындығын азай- туға көмектеседі. Оң қолдың көтерілуімен бір мезетте жоғары-артқа сермейді. Сонымен дайындық кезеңіндегі қол қимылы соққы салмағының үдеу алу жолын арттыратын созылмалы күш салу мен сермеуден құралады. Бүл екі бөлікті қимыл бағытын ауыстыру арасындағы шағын үзіліс бөліп түрады. Сермегенде білекті бастан асыра жі- беріп, қол алақандарын жоғары көтеріп, оң иығын артқа жібереді. Шынтақты көтеру биіктігі ойыншының жекелеген ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады, бірақ кез-келген шынтақ иық буыны белдеуінен жоғары болуы тиіс. Ойыншылар көп жағдайда «садақ» қалпында болады, яғни кеуде мен бел бөлігінде бүгіліп, аяқты тізе- ден бүгіп, аяқтың басын артқа жібереді. Сол қол сермеу кезінде белсенді қимыл жасайды: оны қапталға жібереді, соның нәтиже- сінде үлкен кеуде бүлшықеті созылады. Соққы қимылы денені тік ось бойымен бүрып, алға жіберіп, оң иықты көтеруден басталады. Бүл қимыл жұмысқа сәл кейін кірі- сетін қолға бастапқы жылдамдық береді. Оны шынтақтан тіктеп, жоғары созып, сол арқылы допты ұрудың қажетті биіктігін қам- тамасыз етеді. Қолды допқа қамшылау әдісімен жоғары бүйірден (қолдың иілу бұрышы 75°-тан кем емес) еркін қояды. Мұнда иықты алға жіберіп, қолды доппен біргеалға-төмен жылжытып, қолды білезіктен бүгеді. Допты саусақпен сырғып кетуден сақтап, алға- төмен бағыттайды. Сосын иықты тағы да алға және темен жібе- реді, олар алға-төмен қозғалған тіректің ролін атқарады. Қол қимы- лының жылдамдығы толқынды үлғайып, ұру сәтінде ол жоғары көрсеткішке жетеді. Соққыдағы тиімді амалдар: - иекті түсіру, ол ойыншы кеудесінің алдыңғы жағындағы бүлшықет топтарын жиыратын мойын-тоникалық рефлекстердің әсерін пайдалануға көмектеседі; 226
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==