Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

қозғалыс жлдамдығы артады. Үшінші қадамда жүгіріп келудің көлденең жылдамдығы секірудің тік жылдамдығына үласады. Қадам ұзындығы шағын, дененің ЖДО-сы біршама төмендейді, қозғалыс жылдамдығы өсе түскен. Соңғы кадамды әдетте қарғып (секіріп) орындайды: 149-сурет аяқты (көп жағдайда, оң аяқты) алға соза жіберіп, өкшеге қояды, табаны жазық. Оң аяқ тірекке тек осылай қатаң қоюда тежелу әсері байқалады. Ойыншы соңғы қадамында келесі аяғымен тіректен тебіліп, аз уақыт аралығынан кейін оны оң аяққа қояды. Тірексіз қалыптағы дене бөліктерінің қимылдарын үйлестіру үшін тебілген кездегі табанның орналасуы өте маңызды. Оларды аяқтың үшымен ішке бұрыңқырап немесе қатар қою өте тиімді. Жүгіріп келу үзындығын азайтқанда және екі қадамнан жүгіріп келуге ауысқанда екінші және үшінші қадамды, ал бір қадамнан жүгіріп келуде тек үшінші секіру қадамын орындайды. Секіру қадамымен бірге екі қолды да артқа жібереді. Тебілу кезінде қозғалысты бірінші кезекте доға бойымен арттан-төмен- алға қозғалағн қол бастайды. Бүл сермеу қимылы саусақтар бастан асыра көтерілгенде қолды кілт тоқтатумен аяқталады. Дененің ЖДО-сы тіректің артында түрғанда барып, аяқтар тебілу қимылын іске қосады; ол бүл жағдайда барлық буындарда тіктел- ген. Секіру биіктігі қолдың сермеу қимылы мен жүгіріп келген- нен кейін аяқтың тізеден бүгілу шамасына байланысты. Алайда бүл бүрыш 90°-тан кем болмауы тиіс. 225

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==