Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

Алаңдагуі..... іс-қимылдармен доп беру. Қарсыласын алдағы шабуыл туралы ақпараттан адастыру үшін доп беретін ойыншының алдарқату амалдарының бірі. Қарсылас үшін ең ақпаратты дайындық кезеңі басқа бір әдістен, ал негізгі кезеңі келесі бір әдістен алынады. Алдымен тәжірибеде «алдау» (откидка) деген атпен белгілі доп беру мысалын келтіреміз. Дайындық кезеңінде ойыншы тікелей шабуыл соққысына тән барлық жүгіріп келу, секіру, сермеу қи- мылдарын орындайды. Алайда қолын сермеу кезіне тіркемейді. Ұшудың жоғары нүктесінде ойыншы кеудесін торга қиылыстыра бүрады, сонымен бір мезетте қолын бастан асыра көтереді және оң қолын секіре доп тастағандағыдай бастапқы қалыпқа келтіреді. Сосын допты әріптесіне береді. Сонымен, алаңдатушы қимылдармен доп беру әрекетін былай көрсетуге болады: - басқа әдістік амалдың (мысалы, шабуыл әрекетінің) немесе осы әдістік амалдың басқа түрінің (мысалы, калауынша артқа доп беруді орындап, ал барлық дайындық іс-қимылдарын алға доп беру әрекетіндегідей орындау) дайындық әрекеттерін орындау; - қажетті доп беруді орындауға тән бастапқы қалыпты қабыл- дау (мысалы, секіруден екі қолмен жоғарыдан доп беру немесе екі қолмен жоғарыдан артқа доп беру); - өз әріптесіне доп беруді орындау. Шабуыл соққһісһі Шабуыл соққысы қарсылас жағына қарай тордың жоғары жиегінен биік түстан бір қолмен доп үруды қарастыратын шабуыл- дың әдістік амалы. Оның екі әдісі (тікелей және бүйірлік) мен көптеген түрлері бар. Тікелей шабуыл соққысы (149-сурет). Тікелей шабуыл соқ- қысында қимылды сагиттальді жазықтықта орындайды. Бастапқы қалып доп беруді орындағандағы түрысқа сәйкес. Дайындық ке- зеңіне жүгіріп келу, сермеу, секіру кіреді. Жүгіріп келу іс-қимыл- дың қажетті көлденең жылдамдығына жету мен оны секіру кезінде барынша колдану қызметін атқарады. Жүгіріп келу үзақтығы - 2-4 м (үш қадам). Бірінші қадам шағын, қимыл жылдамдығы аз. Ол жүгіріп келудің жалпы бағытын анықтайды. Екінші қадам жүгіріп келу бағытын дұрыстайды. Қадам ұзындығы өскен, оны орындауға жүмсалатын уақыт азайып, 224

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==