148-cypem Ұзақтан, қысқа, қысқартылған доп берулер. Доп беру үзақтығына қарай былайша жіктеледі: аймақ арқылы бағытталған ұзақтан доп беру (мысалы, 2-аймақтан 4-аймаққа), көршілес ай- маққа бағытталған қысқа доп беру (мысалы, 3-аймақтан 4-аймаққа), өз аймағына бағытталған қысқартылған доп беру (мысалы, 2- аймақтан 2-аймаққа). Қысқа қашықтықтан доп беру жоғарыда ай- тылды, доптың ұшу бұрышы 75±3°-ты құрайды. Ұзақтан доп беру- дегі бастапқы қалыпта қолды алға қарай біршама төмен жібереді, демек, басбармақтар ойыншы мұрынының деңгейінде тұрады. Соққы қимылын орындағанда аяқты жазу жылдамдығы жоғары болады, тез әрі қуатты қол қимылы қажет. Доптың ұшу бұрышы 67±2°-ты қүрайды. Қысқартылған доп берудегі бастапқы қалыпта қолды жоғары көтеріп, басбармақ ойыншының маңдай түсында тұрады. Доп бе- руді өте жоғары түрыстан орындайды, аяқты аз бүгеді., доптың ұшу бұрышы 85±2°-ты құрайды. Күтпеген шабуыл қимылы әсеріне жеткізу үшін доп беру биіктігін кезектестіріп, алаңдатушы амалдар қолдану қажет. Жоғары, орта, томен доп беру. Биіктігі бойынша доп беруді мынадай түрлерге бөледі: томен - доптың үшу жолының тордан ең жоғары биіктігі 1 м-ге дейін, орташа - 2 м-ге дейін, жоғары - 2 м-ден жоғары. Доптың ұшу жолының биіктігі соққы қимылының орын- далу жылдамдығымен және жүмыс қалпында алдын ала жартылай (аяқтың тізеден бүгілуі) отыру шамасымен реттеледі. Допты жоғары беру қажет болған сайын соққы алдында соған сәйкес темен түсіп, соққы қимылын тез орындау қажет. 223
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==