Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

қолданылады (келесіні қараңыз). Секіре көтерілгенде қолды жай доп беруге қарағанда саусақтары ойыншының басыиан жоғары тұратындай етіп көтереді. Қарсы соққы қимылы қолдың белсенді жүмысымен атқарылады, кеуде мен аяқ аз қатысады: бұндай доп берулер қысқа және мезеттік болуы мүмкін. Соққы қимылын денені ең жоғары секіру нүктесіне жеткізіп орындау ең тиімдісі болып табылады (146-сурет). Бір қолмен жоғарыдан доп беру. Оны тек секіріп және қысқа орындайды. Жүгіріп келу мен секіру шабуыл соққысындағыдай орындалады. Секіру кезінде оң (сол) қолды бастан асыра көтеріп, сагиттальді белдеуге жеткізеді. Шынтақ жоғары көтеріліп, алға бағытталады. Қол алақаны алға қарай бастан асыра көтеріледі, саусақтар біршама бүгіліп, басбармақ оймақ тәріздес қалып алып, оған күш түсіріледі. Саусақтар жоғарыда, допқа бағытталған. Қолды шынтақтан жазып, оған иық буынын аз қатыстырып, соққы қимы- лын орындайды. Саусақпен допты қамтып, допты көмекші қимыл- сыз ұрады (147-сурет). 147-сурет Тәсілдік орындаудағы доп беру әдістерінің ерекшеліктері (доп беру түрлері) Заманауй ойында доп беру қорғаныс пен шабуылды іс-қи- мылдарын байланыстыратын шабуылдың маңызды құрамдас бөлігі. Мүндағы маңызды әдістік міндет шабуылдағы ойыншының шабуыл соққысын орындау кезіндегі іс-қимылдарына оңтайлы жағдай 221

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==