Екі қолдың да басбармағы мен сүқ саусағы үшбүрыш қүрайды ол арқылы ойыншы жақындап келе жатқан допты жақсы бақылайды. Қол саусақтары шегенделген, қажет жағдайда үлкен шөміш тәріздес қалыпқа келеді. Доп жақындаған кезде қарсы қимылды аяғын тізеден бүгіп бастайды. Сәлден соң қол қимылы қосылады: олар шынтақ буыны- нан бүгіліп, доп бергенде оның ұшуына жалпы бағыт береді. Бүл білезік буыны белдеуінің иық буыны белдеуіне қатысына қарай тік сызықты қозғалыспен атқарылады. Қарсы соққы беру кезінде аяқты тез әрі күрт созып, соған лайық қолды да жайымен жазады. Қол саусақтары доп бергендегі доптың ұшу бағытын реттей отырып, саусақтардың жазылған қалпын сақтайды, мүнда алақан доп бер- гендегі доптың қозғалу бағытына қиылыса орналасады. Соққы қи- мылында саусақтар сәл ғана түрткендей қалыпта болады. Соққы кезінде саусақтар түрлі қызмет атқарады: басбармақтар кері тебілу- дің негізгі күші мен қозғалыстағы допты үстау қызметін қабылдайды, сүқ саусақ және одан сәл бәсеңдеу ортаңғы саусақ қолдың негізгі соққы беруші қызметін орындайды, ал аты жоқ саусақ пен шынашақ допты қапталдағы бағытта үстап, оның үшу бағытын реттейді. Доп үшқаннан кейін аяқ пен қолтоқтағанға немесе үзіліске дейін толық тіктеліп-жазылады; бүл қалыпта қолды көмекші қимылдардан кейін тіркеуге болады (145-сурет). 145-сурет Секіре доп беруді доп биік және ойыншыдан аса үшып бара жатқанда қолданады. Жүгіріп келіп секіру де шабуыл соққысында 220
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==