Жоғары бүйірден доп тастау да жоспарлы ретінде қолданылуы мүмкін. Қимыл құрылысы жағынан бұл нұсқа жай түрден ерекше- ленбейді, тек допты соғуды орындау шарттарын сақтау керек. Сонымен жоспарлы доп тастауды орындау доп үрудың ерекшеліктері мен әдістерінің қүрылымдық айырмашылықтарын анықтайды. Доп беру Доп беруді орындағандағы ойыншының доппен өзара әрекеті мыналарды қарастырады: - допты қабылдау; міндеті - кез-келген жағдайда допты ойында қалдыру; - доп беру; мақсаты - белгілі бір орынға немесе белгілі бір әріптесіне бағыттау. Әрине, бүндай өзара әрекетті бүтін әдістік амал деп қарастыруға болады. Алайда жаттықтыру жүмысында допты қабылдау мен беруді ойынның белгілі бір сәттерінде (шабуыл мен қорғаныс) түр- ған ағымдық міндеттерді анықтайтын жекелеген әдістік амалдар ретінде қарастырады. Доп беру (тәсілдік орындауда екінші доп беру ретінде) - әдісті амал, оның көмегімен допты шабуыл соққысын атқару үшін тор- дың жоғары жиегінен жоғары бағыттайды. Доп беруді орындаудың екі түрлі әдісі (екі қолмен жоғарыдан және бір қолмен жоғарыдан) және көптеген түрлері бар. Екі қолмен жоғарыдан доп беру. Доп беруді орындау алдында ойыншы дайындық түрысына келеді: бір аяғы екінші аяғының алдында, апда түрған аяғына тіреледі. Егер әріптесінен сол жағынан доп береді деп күтсе, онда алға оң аяғын қояды немесе керісінше. Доппен кездесетін орынға қадамдап немесе жүгіріп ауысады. Мүнда тез сөреге түрып, жолдың алғашқы үштен бір бөлігінде қимыл жылдамдығын арттырып және доппен ұшырасатын орынды дәл таңдау үшін біртіндеп тежелу маңызды. Соңғы қадамды тежелу қадамы ретінде орындайды: табандарды бір-біріне қатар, бір дең- гейде қойған дұрыс, бүл доп бергенде дүрыс дәлдеуге көмек- теседі. Бастапқы қалыпта аяқтар тізеден бүгіліп (тізе буынындағы бүрыш 90°-тан кем емес), қол шынтақтан бүгіліп, көтерілген, қол басбармақтары қас деңгейінде түратындай етіп алдында үмтылған. 219
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==