артқа жазықтығында, қиылысқан тіректе сермейді. Дене салмағы тізеден бүгілген қатар екі аяғына түсіреді. Соққы кезінде оң қолды артқа-төмен-алға-жоғары қарай сермеп, ойыншы допты дәл бел деңгейінде үруға бейімдейді. Соққыны доп үрғаннан кейін алға- артқа айналатындай етіп басбармақ жағынан алақанның қырымен доптың жартысынан тордан алысқа төменнен тез әрі күрт қимыл- мен орындайды. Бұл жерде екі аяқтың да тізесін тіктейді. Допты ұрғаннан кейін қол тоқтағанға дейін жоғары көтеріледі, көмекші қимылдардың құлашы аз (144-сурет). 144-сурет Доп айналмай үшатын доп тастаулар жоспарлы доп тастау деп аталады. Жоспарлы доп тастау жоғары тік әдісімен орындалып, қүрылымы жағынан олар доп айналатын жоғары тік доп тастаудан ерекшеленеді. Алайда мүнда келесі шарттарды сақтау өте маңызды: - доп лақтыру биіктігін азайтып, айналмай түсетіндей етіп лақтырады; - сермеуде қимыл қүлашын біршама азайту қажет, бұл үрғанда доптың көздеген орынға дәл тиюін қамтамасыз етеді. Допты әдетте жүдырықпен немесе жазық бойымен күш сала үрады, бүл допты айналдырмайды. Ұрғанда доп алғашқы жоғары үшу жылдамдығын алуы тиіс (кем дегенде 17м/с), керісінше жағдайда ол жоспарланбайды. Сондықтан соққы қимылы өте тез әрі күрт жасалуы тиіс. Соққы кезінде бірінші жағдайда, қол қимылы күрт тежеледі, яғни ол сәтте тоқтайды, екінші жағдайда да ссылай күрт тежеледі, бірақ көмекші қимылдар аз жылдамдықпен орындалады. Барлық жағдайда қолдың доппен жанасуы аз уақыт болуы тиіс 218
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==