Дэл доп тастауды орындағанда төменгі тік доп тастауды, жай доп тастау түрін төменнен тік лақтырып және жоғары доп тастау түрін допты айналдыра пайдалануға болады. Бұндай доп тастауды дүрыс орындау үшін қажет: - сермеу қүлашын азайту, допты лақтыру алдында алдын ала сермеуді пайдалануға болады; - дене салмағын соққы қимылында қолдың қозғалыс жолының үзындығын үлғайту; - қол саусақтарының бағыттаушы қызметін пайдалану, онда қол допты жібергенге дейін тұрақты қалпын сақтауы тиіс; - қолды көмекші қимылдармен алға созу. Жылдам доп тастауда мынадай нұсқалар орындалады: допты айналдыра жоғарыдан тік доп тастау, орнынан және ауысудан кейін жоғары бүйірден. Алғашқы екеуін дүрыс орындау үшін мыналар маңызды: - соққының үдеу алу жолы салмақты болу үшін қолды барын- ша сермеу; - соққы қимылдарына біртіндеп аяқ, кеуде мен қол бүл- шықеттерінің негізгі топтарын қосу; - үрған сәтінде жылдамдығы қатты болуы үшін қол қимы- лының жылдамдығын біртіндеп және толқынды үдету. Жоғары бүйірден доп тастау үшін алдын ала ауысудан кейін бір немесе екі рет қадам жасау қажет. Бүлай ауысудың негізгі міндеті соққы күшін арттыру жэне сол арқылы доптың үшу жылдамдығын арттыру болып табылады. Бүлай доп тастауды дүрыс орындаудың шарттары: а уысуды соңғы қадаммен сермеуге тән бастапқы қалыпқа келу арқылы аяқтау; с оңғы қадамда аяқты қоюмен бірге оң қолды сермеу үшін артқа жіберу қажет; допты ауысу алдында немесе соңғы қадамда лақтыру қажет. Доп тастағандағы доптың ұшу жолы биік болуы үшін ашық алаңда төменгі бүйірден доп тастаудың түрлерін пайдалануға болады. Доп тастауды орындар алдында ойыншы торга оң қырымен түрып, оң аяғын алға қояды. Допты оң қол мен кеудеге біршама жақын лақтырады (қолдың созылу үзындығынан аз). Ол оң қолын төмен- 217
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==