Төменгі бүйірден доп тастау. Допты торга қырымен тұрып, иық буыны белдеуінен төмен ұрады. Бүл доп тастауды орындау- дың екі түрі бар. Жай түрінде сермеуді тірекке шамамен 45 0 бүрыш жасай иіліп, төмен-артқа жазықтық бағытында орындайды. Бұл жерде оң иық артқа жіберіле түсіріледі. Соққыны оң қолдың арттан- оңға-алға қарай сермеуімен орындалады, қолды доптың астына үратын орын бел деңгейінде болатындай етіп қояды. Допты бүйірден- төмен қарай қолмен күш сала үрады. Ұрғаннан кейін қолды доп тастау бағытына қарай созып, осы қалыпты тіркейді (141-сурет). Екінші нүсқасы «Доп тастауды тәсілдік орындаудағы әдістік ерек- шеліктер» бөлімінде сипатталады. Жоғарыдан тік доп тастау. Допты торга бетімен қарап түрып иық белдеуінен жоғары тұстан үрады. Допты бастан жоғары алға қарай шамамен 1,5 м биіктікте тастайды. Сермеуді жоғары-алға қарай орындайды, қолды көтереді және шынтақтан бүгіп, бастан асыра көтереді. Шынтақ буынынан бүгілген (иық-білек) бүрыш 90 °-тан кем болмауы тиіс. Сермегенде кеуде мен бел бөлігі де бүгіледі, оң иық артқа шалқаяды. Допты соққанда оң қолды шынтақ буынынан бүгіп, көтереді және оны сермей жоғары жіберіп,оң иықты да жо- ғары көтереді. Сермеу қимылын жалғастырған ойыншы қолды доппен үшырасатын орынға қарай алға ұмсындыра жібереді 215
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==