Муханова, Г.К. Ұйымдастырушылық мінез-құлық

50 □ Үйымдастырушылық мінез-құлық шығармашылық өсуде қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкін- шіліктері бар. Сонымен қатар, олар қызу жүмыстың қүндылығына сенеді. Әдетте орта шендегі жас мамандардың жүмысында өз күшін сынауда аз ынталандырма және аз мүмкіншіліктер болады. Дегенмен, жүмысқа қүштарлық таныту үшін кәсіби өсу мен даму қажеттіліктері керек, жұмыстың ең релевантты қызығушылық сипаттамасын ынталандыру, өзін-өзі билеу, әртүрлілік, соңғы нәтижені сезіну мүмкіншілігі, кері байланыс, қатысу, ягни ман- сап пен кәсіби өсу және дамуда қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған қасиеттер. Жұмысқа беріліп істеу, сонымен қатар, әлеуметтік факторларға байланысты. Әдетте жалғыз жүмыс жа- сайтындар адамдарға қарағанда, топта немесе командада жүмыс жасайтын адамдар көбірек беріліп қызмет атқарады. Адамның жүмысқа берілуін оның жетістіктері мен қажеттіліктерін қана- ғаттандыру арқылы күшейеді. Екінші бір жағы ынталандыру мен жүмыспен қанағаттануы тығыз байланыеты - ұйымға деген беріктік, яғни жұмыс істейтін ұйыммен психологиялық деңгейді айқындау. Қызметкерлердің өз үйымына қалтқысыз берілуі — психологиялық күй, олар қызметкерлердің қондырмаларын анықтайды, жұмыс мінез-қүлқының ерекшеліктері мен үйымды қалай қабылдайтынын көрсетеді. Қызметкерлердің үйымға беріктігіи төмендегілер белгіленеді: - еңбек өнімділігімен қоса жұмыс тиімділігін арттыру, басқа ресурстарды және еңбек уақытын тиімді пайдалану; - еңбек нәтижелері және қызметкерлердің жағдайларын қанағаттандыруды арттыру; - қүндылыктарды ұстанатын ережелері және қағидаларымен қоса, біртұтас мүше ретінде үйымды басқару мүмкін- шіліктері; - таланттарды, жоғары деңгейлі кәсіпқой қызметкерлерді үйымға шақыру және тарту, олардың өз орындарын және еңбек жағдайларын таңдау мүмкіншілігі бар. Беріктік - бүл еңбек қүндылықтары, қызметкерлердің кәсіби этикасы, оны ынталандыру мен жұмысына деген қанағатанушылық бейнеленетін интегралды факторлар.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==