Муханова, Г.К. Ұйымдастырушылық мінез-құлық

2-тарау. Жеке тұлға жэне ұйым □ 47 Еңбекпен қанағаттанушылық - бұл өз жұмысына қатысты немесе өндірістік тәжірибеден шығатын бағаға де ­ ген ала бір ұнамды эмоционалдық хал-ахуал, өздерінің ойын- ша жұмыстарынан қаншалықты маңызды нэтижелер шығады. Ұйымдастырушылық мінез-құлықта еңбекпен қанағаттанушылық маңызды ұстанымдар болып табылады. Менеджерлерді осы ұйымдағы жүмысшылардың жүмысқа деген қанағаттанушылық немесе қанағаттанбаушылықтары ойландыруы қажет. Қанағат- танушылыққа мыналар эсер етеді: ұйымдық, топтық (эсіресе, жүмыстағы әлеуметтік орта) және тұлғалық факторлар (ере- кшеліктер, бейімділіктер). Екі пегізгі қанағаттанушылық пен қанағаттанбаушылықтың салдары - жұмыстан жиі кешігу және кадрлардың тұрақсыздығы. Жеке тұлғаның жүмысты қабыл- дауында ішкі ұйымдық орта ықпал жасайды: басқарушының стилі, фирманың ішкі саясаты мен қарым-қатынас мінез-қүлқы, технологиялық үдерістер, жұмысты ұйымдастыру, жүмыс жағдайлары мен қосымша төлемақылар, топтық ережелер мен жалпы нарықтың жағдайы. Оң қондырма жұмыста адамның оң мінез-қүлқын анықтайды, ал жүмысқа негативті қарым-қатынас жұмысшының жағымсыз іс-әрекеттеріне (жауапсыздық, жүмысқа деген құштарлық деңгейініңтөмендеуі, жүмыстан қалу, жұмыстан шығару және т.б. экеліп соқтырады. Еңбекпен қанағаттанушылық сезімінс ықпал ететін негіз- гі факторлар мынадай: 1. Еңбек төлемақысы. Атқарған еңбегі үшін әлеуметтік эділдікті ескере отырып (басқа жұмысшылардың сыйақысымен салыстыру арқылы) ақшалай берілетін сома (еңбекақы және жеңілдіктер). 2. Жұмыстыц өзі. Шамасы, яғни еңбек тапсырмалары қызық, зияткерлі болуы жэне нэтижелі білім алуды, жауапкер- шілікті сезінуді үйрететін, белгілі мәртебе беретін болуы жэне тым психофизикалық қажуға экелмеуі тиіс. 3. Жұмысқа деген жеке қызығушылық. Еңбек адамның танымдық жэне өзі қалаған үлгіде өмір сүруі (мысалы, еңбексүйгіштер және жалқаулар, еңбексүйгіш «синдромы» немесе жұмысқа қатысты қынжылыс түрлері).

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==