Муханова, Г.К. Ұйымдастырушылық мінез-құлық
34 □ Үйымдастырушылық мінез-құлық 3. Талапшылдықтың пайда болуы кінәлік сезімінің қарсы салмақтылық (3-6 жасқа дейін шамасы). 4. Бейнетқорлық олқылық кешеніне қарсы салмақтылық (7- 12 жасқа дейін). 5. Түлғалық таным жеке момындық және конформизмге қарсы салмақтылық (12- 18 жасқа дейін). 6. Ашына-жайлық және жатырқамайтындық тұлғаның психологиялық жекеленгендігіне қарсы салмақтылық (20 жас ша масы) , 7. Жаңа ұрпақтың тәрбиесі туралы уайым «өз-өзіне енуіне» қарама-қайшы (30 және 60 жас арасында). 8. Өмір сүргеніне ризалық немесе қайғыға қарама-қайшылық (60 жас). Э. Эриксонның тұлғалардың қалыптасу түжырымдамасында кезеңдердің ауысуы деп түсіндіріледі, олардың әр қайсысында адамның рухани өмірінің сапалы қайта өзгеруі және қоршаған адамдармен қарым-қатынасының өзгеруі. Нәтижесінде ол түлға ретінде жаңаны, тап осы кезеңдегі дамуды және өмір бойы сақталатын (кем дегенде, елеулі іздер қалдырады) кескін-келбет- ті алады. Дегенмен, жаңа түлғалық ерекшеліктер, оның ойынша, алдыңғы дамудың негізінде пайда болады, Адам тұлғасы әртүрлі факторлардың нәтижесі ең бастысы, әсерінен қалыптасады және дамиды, объективті және субъектив- ті, табиғи және қоғамдық, ішкі және сыртқы, адамның санасы мен жігеріне байланысты тәуелсіз және тәуелді, кездейсоқ жасайтын немесе белгілі бір мақсатқа байланысты жасайтын әрекеттер. Осы- мен қатар адам белсенді емес болмыс ретінде түсіндірілмейді. Ол өзіндік қалыптасу және дамуының субъектісі ретінді қалыптасады. Мақсатқа бағытталған түлғаның қалыптасуы мен дамуы ғылыми үйымшылдық тәрбие ретінде қамтамасыз етіледі. Тә- биені заманауи ғылыми түсіндіру түлғаны қалыптастыру және дамыту үдерісі нәтижесінде педагогикалық идеялармен ұзақ мерзімді қарсы күресумен бірікті. Орта ғасыр кезеңінде ғана авторитарлық тәрбие теориясы қалыптасты, қазіргі заманда да әртүрлі формада қалыптасуын жалғастыруда. Осы теорияның жарқын таныстырушыларьгның бірі неміс педагогы И.Ф. Гербарт,
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==