Муханова, Г.К. Ұйымдастырушылық мінез-құлық
'Ч 1-тарау. Үйымдастырушылық мінез-құлық негіздері □ 21 көрсеткіштеріне бақылау жасауда менеджерлерге айтарлықтай комек көрсетеді. 2) Жағдайлық тәсіл. Дәстүрлі басқару барлық ұйым типтері мен ұйымда болатын жағдайлардың барлығына әмбебап басқару ретінде көрсетіліп, «жалғыз дұрыс тәсіл» қағидаларына сүйенеді. Үйымдық қызмет алғашқы қағидаларға негізделеді. Негізі, ол басшылықтың қалыптасқан міндеттерінен тыс қызметкерлердің мақсаттарды ше- шуге бағытталған түсінігі ретінде қалыптасқан. Қазір ұйымдық қызмет туралы бірнеше ауқымды концепция- лардың деңгейлестігі туралы ұғым қалыптасқан. Көптеген мамандар дәстүрлі теория басқару жағдайларының нақты қиындықгарын азайт- ты. Ал, ол ұйымдық қызметте тиімділіктің артуын қалыптастыратын, ерскше қызмет үлгілерінің көмегімен жүзеге асырылатын жағдайлық тәсілдің пайда болуына негіз боладьт. Жағдайлық тәсілдің артықшылығы ұйымда қалыптасқан шарттар, қабылданған шешімдер негізінде талдау жүргізудің ауқымын кеңейту, яғни бұл тұжырымдама ұйым қызметкерлерінің жұмыстарына қатысты әртүрлі салыстырмалы болжамдардан бас тартуға итермелейді. Зерттеу жұмыстарының бағыты меи жүйелілігінен пайда болған жағдайлық тәсілді ғьтлыми пәндерде кеңінен қолдануға болады. Осылайша, бүл тәсіл менеджерлер мен үйымдағы адамдардың іс-әрекеттері жөніндегі білімін тәжірибе жүзінде қолдануға бағытталған. 3) Нәтижеге бағытталу. Әрбір ұйым өндірісте арнайы өнім немесе пакты нәтижеге жетуге талпынады. Негізгі мақсат - үйымдық қызметтің нәтижеге бағытталуы болып табылады. Өндірістік үғымының қарапайым мәні - шығарда не алынды, кірерде не салынды. Егер ресурстар өзгермесе, онда шығару колемі үлғаядьт, өнімділік корсеткіші де өседі, өнімділік үғымы тек шығару көлемінің өскенін ғана көрсетпейді, соған қоса өнімнің тиімділігін анықтайды. Өндіріс көлемінің жоғарылауы оның қоғамдық ресурстарды тиімді қолдануымен анықталады. Өндірістік қалдыктарды азайту мен ре сурстарды үнемдеу қоғам жоғары бағалайтын нәтижелер екені анық.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==