Камалова, Г.А. Бағдарламалық жобаларды басқару

Сурет 55. Ресурстардың автоматты түрде теңестіру мүмкін болмайтындығын хабарлайтын ақпарат Диалогтық терезеде сценарийді таңдау қажет: • Skip (Өткізу). MS Project ресурсты өткізіп жібереді және басқа қолжетімділікті іздеуді жалғастырады. • Skip All (Барлығын өткізу). MS Project шешуге болмайтын барлық қол жетімділік артықшылығын өткізіп жібереді және экранға жіберілген хабар бұдан былай көрсетілмейді. • Stop (Тоқтату). Команда теңестіру үдерісін тоқтатады және барлық жасалған кешіктірулерді жояды. Автоматты теңестіру нәтижелерін толығымен немесе ішінара болдырмау үшін ресурсты жүктеме жасау теңестіруі терезесіндегі Clear Leveling (теңестіруді тазалау) батырмасын пайдалануға болады. Теңестіру тек кейбір тапсырмалар үшін жойылуы мүмкін. Бұл әрекетті орындау үшін, диалогтық терезесін ашпай тұрып CTRL пернесін ұстап тұрып, осы тапсырмаларды тышқан арқылы таңдау керек. Clear Levelingбатырмасын шерткен соң бағдарлама жою күшін таңдауды қалайтын терезені ашады. Entire project - Барлық жоба үшін Selected Tasks - Таңдалған тапсырмалар үшін. Маңызды ескертулер: 1. Теңестіру нәтижелерін тек соңғы теңестіру әрекеті үшін жоюға болады. 2. Ресурстар жүктемесін автоматты түрде теңестірудің өзіндік кемшіліктері бар. Теңестіру кезінде MS Project жобаны аяқтаудың ерте мерзімін табу және (немесе) шығындарды минимизациялау жағынан жақсы болып саналатын тапсырмалардың кідірісіне оңтайлы шешім табу үшін барлық ықтимал комбинацияларды зерттемейді. Ресурс жүктемелерін 98

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==