Камалова, Г.А. Бағдарламалық жобаларды басқару
• Can Level (теңестірілуі мүмкін) ресурс өрісі. Егер өріс мәні ҮеБболып орнатылса, ондаЫБ Project қажет болған жағдайда берілген ресурс міндеттемесін кешіктіре алады. Міндеттемелерін кешіктіруге болмайтын ресурстар үшін өріс мәнін No етіп орнату керек. • Level Assignments (міндеттемені теңестіру) тапсырма өрісі. Егер өріс мәні Yes болып орнатылса, ондаЫБ Project қажет болған жағдайда берілген тапсырма міндеттемесін кешіктіре алады. Міндеттемелерін кешіктіруге болмайтын тапсырмалар үшін өріс мәнін No етіп орнату керек. • Leveling Can Split (теңестіру үзілуі мүмкін) тапсырма өрісі. Егер өріс мәні Yes болып орнатылса, ондаЫБ Project қажет болған жағдайда берілген тапсырмаларды бөле алады. Маңызды ескертулер: 1. Теңестіруді орындау арқылы MS Project ешқашан келесі түрдегі тапсырмаларды тоқтатпайды немесе кейінге қалдырмайды: o басымдық мәні 1 0 0 0 деп белгіленген; o Must Start On (бекітілген басталу) және Must Finish On (бекітілген аяқталу)шектеулер қойылған. 2. Теңестіру келесі түрдегі шектеулермен берілген тапсырмаларға эсер етпейді: o As Late As Possible (Мүмкіндігінше кешірек), егер жоба басталу күнінен бастап жоспарланған болса; o As Soon As Possible (Мүмкіндігінше ерте), егер жоба аяқталған күннен бастап жоспарланған болса. 3. Басымдықты тапсырма үшін ғана емес, сонымен бірге жоба үшін де анықталып қойылуы мүмкін. Егер ресурстар бірнеше жобаларға берілсе, онда аз басымдықпен берілген жобалардағы тапсырмалар жоғары басымдықпен берілген жобалардағы тапсырмаларға қарағанда жиі таңдалады. Егер жоба үшін басымдық 1000 деп орнатылса, онда осы жобаның бірде бір тапсырмасы теңестіру кезінде кешіктірілмейді. 4. Жобаның басымдылығы тапсырманың басымдылығынан маңыздырақ болады. Жобаның жоғары басымдылықпен берілген кез келген тапсырмасы жобаның төменгі басымдықпен берілген тапсырмасымен салыстырғанда маңыздылығы басымырақ болады. Бұл ешқашан кешіктірілмейтін басымдылығы 1 0 0 0 -ға тең тапсырмаларды қоспағанда, басқа тапсырма үшін басымдылық мәніне қарамастан әділетті деп саналады. Тапсырма үшін басымдық мәнін Task Information (Тапсырма туралы мәліметтер)терезесініңGeneral (Жалпы) қосымшасындағы Priority (Басымдық)өрісінде орнатуға болады. Басымдылық мәні 0-ден (қажет болған жағдайда кешіктіріледі) 1 0 0 0 -ға (ешқашан кешіктірілмейді)дейінгі аралықта өзгеруі мүмкін. Басымдық көп болған сайын, теңестіру кезіндегі кешіктірулер ықтималдығы азаяды. 94
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==