Камалова, Г.А. Бағдарламалық жобаларды басқару

Алдымен, бағдарлама шамадан тыс жүктелген ресурстар тағайындалған тапсырмалар тізімін анықтайды. Одан кейін кестедегі орны өзгертілуі қажет тапсырмалар таңдалады. MS Project шамадан тыс жүктейтінресурстар тапсырмаларын кейінге қалдыру немесе тоқтату реті Leveling огёег(теңестіру реті) тізімінде анықталады. Leveling order тізімі үш ықтимал мәннен тұрады: • ID Only (тек идентификаторлар бойынша) - бірінші кезекте ірі идентификаторы бар тапсырма параметрлері өзгере алады, яғни тізімде төменгі жағында орналасқан тапсырмалар параметрлері өзгереді. Егер тапсырмалар тізімі басталу күнінің өсу ретімен жасалса, онда кейінгі басталу күнімен беріілген тапсырмалар кейінге қалдырылады. Ал, теңестіру процедурасына эсер ететін тізбектелген тапсырмалар саны мүмкіндігінше қысқартуға алып келеді. • Standard (Стандартты). Бағдарлама бәсекелес тапсырмалардың ішінен қайсысын бірінші теңестіру керектігіні бірнеше факторларды талдау негізінде таңдайды. Сонымен қатар MS Project оның басқа тапсырмалармен өзара байланысын, жалпы уақыт бойынша резервін, күндерін, басымдықтарын және шектеулерінқарастырады. Ең алдымен ең үлкен уақыттық резервпен және басталу күні кешірек болатын тапсырмалар кейінге қалдырылады. Мұндай теңестіруреті жиі қолданылады. • Priority, Standard (Басымдықтар бойынша, стандартты). Стандарттыға ұқсас түрде жүргізіледі, бірақ бұл, әдетте, жоспар жасау кезінде тапсырманың Priority (Басымдық) қасиеті анықталған болса пайдаланылады.Бұл стандарттыдантапсырмаларды талдау кезінде олар алдымен басымдық бойынша сұрыпталатындығымен ерекшеленеді. Standard және Standard Priority Resource Load Alignment тапсырыстарындақарастырылатынфакторлар. Көрсетілген режимдерде ресурстардың жүктелуін теңестіре отырып, MS Project төмендегі факторларды талдайды (маңыздылығының төмендеуі бойынша орналасқан): • Predecessors (Алдыңғы орындаушылары). Бірінші болып ізбасарлары жоқ тапсырмалар таңдалады. •Amount of total slack (Толықрезервтіңкөлемі). Алғашқы болып көпмөлшердегітолықрезервті тапсырмалартаңдалады. • Start date (Басталу күні).Басталу күні кешірек болатын тапсырмалар алғашқылардың бірі болып тоқтатылады. • Priority (Басымдық).Алғашқы болып ең төменгі басымдықтағы тапсырмалар таңдалады. Басымдық бойынша Стандартты теңестіру режимі жағдайында бұл фактор бірінші болып қарастырылады. • Constraints (Шектеулер). Бірінші болып шектеусіз тапсырмалар кешіктіріледі. 93

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==