Камалова, Г.А. Бағдарламалық жобаларды басқару

8 ЖОБА ЖОСПАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ. РЕСУРСТЫҚ ЖҮКТЕМЕНІ ТЕҢЕСТІРУ 8.1 Ресурс қол жетімділігі Жоба жоспарында қолжетімділігі артық ресурстардың болуы жобаның орындалуына кері әсерін тигізеді, өйткені ресурстар жоспарға сәйкес белгіленген мерзімде оларға жүктелген жұмыс көлемін орындай алмайды. Бұл төмендегідей жағдайларда көрініс табады: • жұмыс мүлдем орындалмайды немесе; • жұмыс аяқталмайды немесе; • жұмыс кейінге қалдырылады. Сондықтан, жобаның жоспарындағы ресурстардың қолжетімділігін жоғарылату мүмкін тәсілдермен жойылуы тиіс. Ресурстарды асыра жүктелуін жою жолдары Ресурстың қолжетімділігін жоғарылатуды келесі тәсілдермен жоюға болады: • оларды жеке немесе бір-бірімен үйлестіру арқылы қолдану; • берілген уақыт аралығы үшін шамадан тыс ресурстың қолжетімділігін арттыру; •шамадан тыс жүктелген ресурстың жүктемесін азайту; •ресурсты шектейтін тапсырмаларды орындау үшін басқа қызметкерлерді тағайындау; •ресурстардың жеткіліксіз болуын талап ететін тапсырмалардың орындалу уақытын (басталу және аяқталу күндерін) өзгерту; •ресурстың қолжетімділігінен асатын жұмыс көлемін артық жұмыс уақыты ретінде көрсету. MS Project ортасында ресурстардың қолжетіміділігінің асып кетуін кірістірілген теңестіру режимін пайдаланып автоматты түрде немесе ресурстар, міндеттемелер және тапсырмалар параметрлерін қолдан өзгерту арқылы жоюға болады. 8.2 Ресурстық жүктемені автоматты теңестіру Ресурс жүктемелерін автоматты түрде теңестіру үшін MS Рщвоіарнайы механизмін пайдалануға болады. Ол үшін оның параметрлерін алдын-ала баптау керек. Tools-Level Resources (Сервис-Ресурс жүктемелерін теңестіру) менюінің көмегімен Resource Leveling терезесін ашу. Терезе үш бөлімнен тұрады: 91

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==