Камалова, Г.А. Бағдарламалық жобаларды басқару
4. Базалық: бұрын бекітілген жоба шығындарыныңқосындысы бейнеленеді. Берілген бағандағы мән жобадағы шығындардың ауытқуын ккейінірек талдау үшін негіз болып табылады. 5. Ауытқу: Шығындар мен базалық шығындар бағандары арасындағы шығындық айырмашылық мәнін көрсетеді. 6 . Нақты: Жобаның орындалуына жұмсалған (игерілген) шығындар қосындысы көрсетіледі. 7. Қалған: Жобаны орындау үшін қажет шығындар сомасы көрсетіледі. Тапсырмалар және өзін-өзі бақылау сұрақтары Тапсырма 1: Кестеде орындалу ұзақтығын талдауға арналған тапсырмалар ғана қалатындай етіп мақалаларды өңдеуге байланысты оқу жобасындағы тапсырмаларды сүзгілеу керек. Әрі қарай жұмыс істеу үшін кестенің көшірмесін жасау қажет. Тапсырма 2: PERT Entry Sheet ( РЕЯТкіру парағы)командасын шақыру және барлық тапсырмалар үшін ұзақтықтың үш нұсқадағы мәліметтерін беру керек. Әр түрлі мәндер беруге болады. Тапсырма 3: PERT әдісін қолданып, салмақ коэффициенттерін беру керек және оқу жобасының жоспарын талдау керек. Әрі қарай салыстыру үшін өзгертілген кестелерді жеке көшірмелерде сақтау қажет. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Инвестициялық жобаның техникалық талдау аймағында .... үйретіледі a) Техникалық-технологиялық ұқсастықтар, қажетті ресурстарға қол жетімділік және жеткіліктілік b) Өнім бағасы c) Амортизациялық аударымдар d) Жоба сметасы e) Команданың потенциалды мүшелерімен бекітілген байланысы 2. Коммерциялық талдау кезінде келесі сұрақтар шешіледі a) Қажетті еңбек ресурстарының бар болуы b) Өндірісті ұйымдастыру формалары c) Жоба сметасы d) Команданың потенциалды мүшелерімен бекітілген байланысы e) Нарық жеткілікті сыйымдылыққа ие ме? Бағаның өзгеру ықтималдылығы және оның салдары 87
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==