Камалова, Г.А. Бағдарламалық жобаларды басқару

басқа түрлері, яғни олардың құны көрсетіледі. Сонымен қатар, шығындар құрылымы фаза бойынша мысалға қарағанда толығырақ ұсынылады. Сурет 52. Жұмыс кодтары бойынша тапсырмалар Жоба жоспарын талдауды ықтимал қателерді табу үшін пайдаланылға болатынын ескеру керек. Жоба жоспары неғұрлым көп бөлімге бөлініп талданса, қатені табу ықтималдығы соғұрлым жоғары болады. Жобаның құны Шығындар (тапсырмалар мен ресурстар үшін) деп аталатын кестелік көрсетілімдерде немесе есептерде талданады. MS Project бағдарламасында сұрыптаулар мен сүзгілерді қолданып талдаулардың көптеген түрлерін жүргізуге болады. Төменде жүргізуге болатын талдаулардың бірнешеуі көрсетілген: > Әртүрлі типтегі тапсырмалардың құнын талдау > Әртүрлі типтегі ресурстардың құнын талдау > Үстеме жұмыс шығындарын талдау > Алдын ала ұзақтығымен берілген тапсырмалар тәуекелділігін талдау > Тым қысқа ұзақтықпен берілген тапсырмалар тәуекелділігін талдау > Үлкен мөлшердегі ресурстармен берілген тым ұзақ тапсырмалардың тәуекелділігін талдау > Күнтізбелікшектеулермен берілген тапсырмалар тәуекелділігін талдау. Гант диаграммасы көрсетілімінде Шығындар кестесін таңдау кезінде пайдаланушыға шығындарды талдау үшін жеті бағанқолжетімді болады: 1. Бекітілген шығындар: ресурстармен байланысы жоқ бекітілген шығыстардың немесе кірістердің (минус белгісімен) сомалары. 2. Бекітілген шығындар төлемі: бекітілген шығындарды төлеу тәсілдері таңдалады. 3. Жалпы шығындар: нақты және қалған шығындардың сомасы, ол сондай-ақ бекітілген шығындар және шығындар бағандарының қосындысына тең. 86

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==