Камалова, Г.А. Бағдарламалық жобаларды басқару
Жобалардың аяқталу күні ерекше рөл атқарады. Критикалық жол жобаның ұзақтығын қысқарту үшін қажет, және де ең алдымен осы критикалық тапсырмаларға назар аудару керек. Gantt диаграммасында критикалық жолды келесі алгоритм көмегімен бейнелеуге болады: 1. Біріншіден, жобаның барлық тапсырмалары Вид менюінен Данные тобындағы Структура-Все подзадачи арқылы көрсетіледі; 2. Әрі қарай жоба кестесіВид менюінен Данные тобындағы Таблицы- Календарный план арқылы көрсетіледі; 3. Критикалық тапсырмалар қызыл түспен ерекшеленеді және уақыт бойынша резерв жолақтарын Формат менюінен Стили отрезков тобындағы Критические задачи және Временной резерв бөлімдеріне жалаушалар қою арқылы көрсету. Жобаның орындалу мерзімдерін оңтайландыру үшін критикалық жолдың ұзақтығын мүмкіндігінше қысқарту керек. Бұған келесідей түрде қол жеткізуге болады: 1. Критикалық тапсырмалардың ұзақтығын қысқарту; 2. Тапсырманы жоспарлау шарттарын қайта қарап шығу және қажет жерлерді өзгерту (тапсырмалардың шектеулері мен тәуелділіктерінекөңіл бөлу); 3. Кейбір критикалық тапсырмаларға қосымша ресурстар тағайындау (бірақ бұл шығындардың ұлғаюына әкелуі мүмкін); 4. Критикалық тапсырмаларды үстеме жұмыстар ретінде қайта жоспарлау. 7.3 Жоба фазалары бойынша шығындарды талдау Жоба фазалары бойынша шығындарды талдауды жүргізу үшін пайдаланушының бапталатын өрістерін және формулаларын пайдалану ыңғайлы болады.. Projectl.mpp файлын ашып,онда екі бапталатын өрістер құру керек: біріншісі Cost2 (Stoimost2) болады, оған жалпы Құны деп қайта атау қойылады,екіншісіNumber 1 (Chislo 1 ), оны жалпы құнының% мөлшеріне қайта атау керек. Кестедегі бірінші өрісті қамтитын жолға жобаның жалпы құны көрсетілген жолды толығымен көшіру керек. Екінші өріске [Cost]/[Cost2]*100 формуласы қойылады. Өріс параметрлеріне қосындылық тапсырмалардың және топтардың жолдарын есептеу үшін бірдей формула пайдалану қажет екені көрсетіледі. Нәтижесін келесі суреттен көруге болады: мұнда конференция дайындығына кететін шығындар қалай үлестірілгендігі көрсетілген, алдын ала мәжілістерге, материалдарды түзетіп шығаруға және жинақтарды баспаға жіберуге дайындауға пайыздық мөлшерде қанша кететіні анық сипатталған. 82
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==