Камалова, Г.А. Бағдарламалық жобаларды басқару

Сурет 1. Стратегиялық даму құралының сұлбасы 1.2 Жобаның өмірлік циклы Әрбір бағдарламалық жобаның өз өмірлік циклы болады (Сурет 2). Инициация Жоспарлау Іске асыру Аяқтау (есептің — К (жоба (жұмыс (қорытынды қойылымы) жоспарын кестесі, жоба / есеп) куру) құжаттары) Сурет 2. Жобаның өмірлік циклы Жоба инициациясы фазасында не жасалатынын және оның не үшін жасалатынын түсіну қажет, яғни жоба концепциясын өңдеп құру қажеттілігі туындайды. Жоспарлау фазасы оның қалай жасалатынын анықтайды. Іске асыру фазасында ойға алынған идеяның құжат түріне және тестіленген бағдарламалық өнім түріне көшуі көрсетіледі. Келесі фазада, яғни аяқтау бөлімінде жоба концепциясында ойға алынған өнімге қол жеткізілгені дәлелденуі керек. Ереже бойынша жоба бастапқы жоспарлармен сәйкес орындалады, сондықтан аяқтау фазасының маңызды элементі «кері байланыс» болып табылады. Басқару жүйесінің кері байланыссыз тұрақты бола алмайтынын естен шығармау керек. 7

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==