Камалова, Г.А. Бағдарламалық жобаларды басқару

1 ЖОБА ЖӘНЕ ЖОБАНЫ БАСҚАРУ ТҮСІНІГІ 1.1 Жоба түсінігі Жоба бірегей өнімдерді, әлдебір қызметті немесе нақты нәтижелерді құруға арналған уақытша кәсіпорын болып табылады. Мұндағы, «уақытша» термині кез келген жобаның нақты басталу уақыты және нақты аяқталу уақыты бар екендігін білдіреді. Жобаның аяқталу уақыты келесі жағдайларда туындайды: - жоба нәтижесіне қол жеткізген кезде; - жобаның мақсаты жоқ не мақсатқа жету мүмкіндігі жоқ болса; - жоба қажеттілігі мен өзектілігі жоқ болса. Жобалар мақсатымен, масштабымен, уақыт бойынша ұзақтылығымен, қызмет көрсету аймағымен және т.б. критерийлер бойынша әртүрлі болады. Соған қарамастан, барлық жобалардың міндетті түрде: - нақты мақсаты болады, және де ол бірегей болады; - қажетті ресурстар бөлінеді; - уақыт бойынша зерттеу аясы болады. Күнделікті қызмет пен жобаның бірдей болып келетін сипаттамалары бар, атап айтқанда, адамдар арқылы орындалуы, ресурстарының шектеулілігі, жұмыстың жоспарлануы, орындалуы және басқарылуы. Жобаның күнделікті қызметтен негізгі айырмашылығы мақсаты мен уақыт бойынша шектеуі болуында болып табылады. Күнделікті операциялар тұрақты түрде орындалып отырады, және қайталанауы да мүмкін. Жоба мен күнделікті қызметтің ақырлы мақсаты түпкілікті түрде өзгеше. Жобаның міндеті қойылған мақсатқа қол жеткізу, осыдан кейін жоба жұмысы аяқталады. Күнделікті қызмет, керісінше, әдетте жұмыстың қалыпты ағымын қамтамасыз етуге бағытталады. Яғни, жоба алға қойылған нақты міндеттер орындалған соң аяқталады, ал күнделікті қызмет жаңа міндеттер алып, әрі қарай жалғасады. Жоба стратегиялық даму құралы болып табылады (Сурет 1). Мұндағы мақсат қол жеткізу қажеттілігін сипаттау, стратегия осы қажеттілікке жету жолдары болып саналады. Жобалар стратегияны іс-әрекетке, ал мақсаттар нақтылыққа айналдырады. Оылайша, белгілі бір қызметкер орындайтын әрбір жұмыс мекеменің стратегиялық мақсатына жетуіне байланыстырылады. Жобалар бағдарламаларға біріктіріледі, яғни жеке түрде басқарылмайтын бір бірімен тығыз байланыстырылған жобалар бағдарлама болып саналады. Жобалар мен бағдарламалар портфельге біріктіріледі, яғни стратегиялық мақсатқа жетуде тиімді басқаруға негізделген жобалар мен бағдарламалардың жиыны портфель болып табылады. 6

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==