Камалова, Г.А. Бағдарламалық жобаларды басқару
Кіріспе Қазіргі таңда жобаларды басқару қарқынды дамып жатқан облыстардың бірі болып табылады. Басқарудың заманауи әдістері мен құралдары барлық қолдану салаларында, атап айтқанда, ғылыми- техникалық, әлеуметтік және экономикалық салаларда өздерінің тиімділіктерін тәжірибе жүзінде көрсетіп келеді. Басқарудың жобалық әдістері әртүрлі салада жұмыс атқаратын компанияларға, соның ішінде IT- компанияларға белсенді түрде енгізілуде. Жобалық басқаруды енгізу кез келген кәсіпорын, мекеме қызметінде маңызды өзгерістерге алып келеді. Ол аталған кәсіпорындарға, мекемелерге айтарлықтай мәні бар артықшылықтар бере алады, өйткені бағдарламалық жобалар сыртқы факторлардан болатын өзгерістерге жылдам эсер ете алды. Оқу құралының мақсаты білім алушыларды жобаларды басқару теориясының негізгі түсініктерімен таныстыру, компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, жобаларды құруға және жоспарлауға үйрету, MS Project кешенінің соңғы версиясын пайдалана отырып, жобалармен тәжірибелік жұмыстар жасауға дағдыландыру болып табылады. Аталған оқу құралын пайдалану арқылы білім алушылар жобаларды басқарудың негізгі принциптерін, арнайы компьюерлік бағдарламаларды жұмыс жасауды білуі тиіс. Сонымен қатар, жобаны жүзеге асыру кезінде әрбір этапта мақсат, міндеттерін қоя білуі және алынған нәтижелерді бағалай алуы керек. Бағдарламалық жобалармен таныса отырып, білім алушылар жобаның өмірлік циклы этаптарын жоспарлауға, күнтізбелік жоспар-кестесін құруға, жобаның базалық жоспарын негіздеуге, мониторинг жүргізуге және маңызды техникалық-экономикалық көрсеткіштерін болжауға көмектесетін білім алуға мүмкіндігі болады. 5
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==